Аққан жұлдыз: Әлия Молдағұлованың жеңіс жолындағы ерлігі (06.05.21)

  Рет қаралды 1,025

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

Күн бұрын

Талай жанның өмірін қиған сұм соғыста қан мен терін төккен талай батырдың асқақ арманы орындалғанына биыл 76 жылдың жүзі болыпты. Сол соғыс жылдарында майданға аттанған 17 жасар қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлова жүзге жуық фашистің көзін жойып, нәзік жанын ерлікпен қиды. Бөйжеткен шағында қолға қару алған қазақ қызы болашаққа ерлік пен патриотизмнің мұрасын қалдырып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Нұрмұхамет Сарқұлов итжеккенге айдалып, анасы Маржан ашаршылық жылдары картоп алғаны үшін оққа ұшады. 6 жасар Әлия Молдағұлова жетім қалып, нағашы ағасы Әубәкірдің қолында өседі. Тағдыр тәлкегін ерте көрген батыр қыз 1943 жылдың тамыз айында майданға аттанды. Ол кездері Әлия не бәрі 17 жаста еді.
«Әлия Молдағұлова 1943 жылдан бастап қайнап жатқан майданға араласты. Әсіресе, Әлия Молдағұлованың 1944 жылғы ерлігі ел есінен ешқашан ұмытылмайды», - деді тарих ғылымдарының докторы Болат Сайлан.
Бейбіт заманда қазақ қызының ерлігі еленіп Мәскеудегі, Новосокольникиде одан бөлек еліміздің көптеген қаласындағы мектептерге, сондай-ақ, әскери-теңіз флотының кемелері мен Каспий теңізіндегі жүк таситын теплоходына қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың есімі берілді.
«Осындай батыр қызды тарих ешқашан ұмытпайды. Қазақстанда көптеген қалаларда Әлия Молдағұлова атындағы көшелер, мектептер, ескерткіштер ашылды. Жақында ғана Ақтөбе халықаралық әуежайының өзі Әлия Молдағұлованың есімімен аталды», - деді тарих ғылымдарының докторы Болат Сайлан.
1976 жылы «Золотой Орфей» байқауында 17 жасар Роза Рымбаева «Әлия» әнін шырқап, Әлия Молдағұлованың қайсар мінезін жеткізді. Мерген қыздың есімі ел жадында мәңгіге сақталып қалды.
1944 жылдың 14 қаңтары. Казалиха деревнясындағы ұрыста Әлия Молдағұлова берен мылтықты құшағына жастай қалып, Фашист басқыншыларының мығым жеріне оқ жаудырады. Алайда жауды қыспаққа алғанда Әлия Молдағұлова атойлап алға шығады. Дәл осы сәтте фашист офицерінің қолынан қаза тауып, соғыстан қара қағазы ғана оралды. Кейін мерген қызға майдандағы ерлігі үшін «Кеңес Одағының батыры» атағы және «Ленин ордені» берілді.
Оразай Нұртай, «Алматы» телеарнасы.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 2
@baspanatv
@baspanatv 3 жыл бұрын
*Алматы қаласының үйлерінің обзоры біздің арнадан бақылаңыздар* 👍
@АяжанОмаш
@АяжанОмаш 3 жыл бұрын
Жәніңіз жәннәтта болсын әлия әже
«Әлия. Ерлік алгоритмі». Деректі фильм
27:13
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 4,4 М.
Sigma Kid Love #funny #sigma
00:45
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 10 МЛН
Top 5 DEVIOUS Prank Gadgets #shorts
00:40
Mr DegrEE
Рет қаралды 50 МЛН
Can You Solve This SQUIDGAME Puzzle?
00:16
LOL
Рет қаралды 45 МЛН
Aktoty Tuleugali - Әлия
3:43
Aktoty Toleugaliyeva
Рет қаралды 7 М.
Информбюро 12.03.2025 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:23
Информбюро 31
Рет қаралды 23 М.
Cоғыстың соңы, сыналған МӘМС, COVID-тің ізі  - AzatNEWS | 12.03.2025
33:51
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 34 М.
Аңызға айналған батыр қыз. Әлия Молдағұлова.
4:46
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 19 М.
Sigma Kid Love #funny #sigma
00:45
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 10 МЛН