Алаяқтардың арбауына түспес үшін не істеу керек (14.09.21)

  Рет қаралды 753

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

Күн бұрын

Пандемия алаяқтар үшін табыс табудың көзіне айналды. Ендігіде екпеге қатысты алдап-арбаудың жаңа түрі пайда болды. Бейтаныс нөмірге екпе алғандығы жайлы ақпарат беремін деп бір сәтте қалтасындағы қаражатынан айырылған халық кімнен көмек сұрарын білмей дал болуда. Алаяқтардың арбауына түспес үшін не істеу керек? Almaty.tv тілшісі Жанар Ғаниқызы айтсын.
Халықты сан қулықтың шырмауына түсірген алаяқтар енді жаңа әдіс ойлап тапты. Қоңыраулар көршілес елдерге тіркелген 911,912,250,01,11, нөмірлері арқылы түседі екен. «Екпе алсаңыз 1 санын, алмасаңыз 2 санын басыңыз»,- деп, азаматтардың банк шоттарын ашып алып, ақшасын жымқырып жүр. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша заңгердің көмегіне жүгінгендер саны аз емес. Мамандар халықты барынша сақ болуға шақырады, өйткені, мұндай жағдайдың 90 пайызы шешімін таппай, аяқсыз қалады екен.
«Егер де жағдай ашылатын болса, онда Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша, ақшаның мөлшеріне қарай, егерде, аса көп мөлшерде болса, 4-бабымен 5 жылдан 10 жылға дейін. Ал, егер одан төмен болса, 3-бабымен 3 жылдан 7 жылға дейін заңда көрсетілген жазаға тартылады», - деді заңгер Шыңқуат Байжанов.
Алаяқтар заман талабына сай ақпарттық технологияларды өз мүдделеріне жаратып, әбден әккі болып алған. Телефонның ар жағында отырып-ақ қулығын іске асырады екен. IT мамандар бұл құрыққа түспес үшін телефон тұтқасын қойып, ресми нөмірлерге қайта хабарласу керек екенін айтады. Сонымен қоса, сайт ақпараттарынан да абай болуға шақырады.
«Осындай кезде сізге ешқандай IT мамандары көмектесе алмайды. Тек қана сіздің қауіпсіздігіңізді, өзіңіздің сауаттылығыңызды көрсетіп қана сақтана аласыз. Құпия сөзге келетін болсақ, құпия сөздің өзінің үлгісі болады. Мысалы, тұрақты бір бастамасы болады, көп адамдар өзінің аты мен жылын жазады. Немесе сайттың өзіне жазады да, сандар жазады. Құпия сөзіңіз әр сайтта әр түрлі болса, сіз қауіпсіздіктемін деп есептесеңіз болады», - деді программист Айбын Сәду.
Мамандар ұсынған кибералаяқтық түрлері мен одан қорғану жолдарына тоқталар болсақ:
Алаяқтар уатсап желісінде Кликбэйт арқылы сізге қызықты ақпарат жіберіп, сілтемені басқан жағдайда жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алады;
Сайт сілтемелерінде “https” жазуына назар салыңыз. Егер “Http” болса, кірмеген жөн;
Ал электронды цифрлы қолтаңбаңызды тек жеке поштада сақтау керек. Әйтпесе, түрлі құжаттарға жалған қол қойылуы мүмкін;
Банк картасының нөмірі мен CVC кодын ешкімге айтпау керек;
«Әлеуметтік инженерия», яғни психологиялық тұрғыда сіз туралы ақпаратты өзіңізге айту арқылы алдауы мүмкін;
Ал қоңырауларға келетін болсақ, қырағылық танытып, хабарласып тұрған мекеменің атын сұрап, өзіңіз қайта хабарласқаныңыз абзал.
Айта кетейік, 2010 жылдан бері желі қолданушылары 75%-ға өскен. Сондықтан хакерлердің шабуылдары жыл сайын үш-төрт мыңға артып отыр. Ал, бүгінде екпе мәселесі өзекті болғандықтан, соны сылтауратып халықты сан соқтырып жүргендер аз емес. Сондықтан мамандар алаяқтың қақпанына түспес үшін азаматтарға жеке бас мәліметтерін құпия сақтауға кеңес береді.
Жанар Ғаниқызы, Әрсен Сандыбаев, Медет Саматұлы «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
instagram - / almaty.tv

Пікірлер
АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!
4:34
OŃTÚSTIK TV
Рет қаралды 8 М.
Интернет-алаяқтардың жаңа айласы
4:31
Khabar NEWS
Рет қаралды 3,7 М.
How to Start a Fashion Trend 😘
00:36
Alan's Universe
Рет қаралды 43 МЛН
We cured the snake
00:52
TyphoonFast 5
Рет қаралды 6 МЛН
Can You Solve This SQUIDGAME Puzzle?
00:16
LOL
Рет қаралды 45 МЛН
Жас жесір келін төсекке сусап қалыпты
16:38
ЖАН ҚҰМАРЫ
Рет қаралды 3,2 М.
Абайлаңыз, алаяқ! / KOREMIZ
46:32
Көреміз Шоу / «KÖREMIZ SHOW»
Рет қаралды 198 М.
Банк атын жамылған алаяқтар неге акцентпен сөйлейді?
7:58
Азаттық рухы / Azattyq ruhy tv
Рет қаралды 7 М.
Абайлаңыз, алаяқ! І Арнайы жоба
24:22
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 13 М.
Басты Жаңалықтар  13.03.2025
25:01
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 72 М.
ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАЙДАН БІЛЕДІ? / SHYNY KEREK | ШЫНЫ КЕРЕК (29.03.21)
5:28
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 2,8 М.
Біреудің атына несие алатын алаяқтар қолға түсті
3:37
Седьмой канал - 7 канал Казахстан
Рет қаралды 53 М.
How to Start a Fashion Trend 😘
00:36
Alan's Universe
Рет қаралды 43 МЛН