Алматыда 22 жыл бойы троллейбус жүргізген келіншек: Жұмысымның еш қиындығы жоқ (26.10.21)

  Рет қаралды 1,475

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Нәзік жанды қауымның ерге бергісіз қабілеті мен талайды тамсандырған қасиеті көп. Қоғамда ер азаматтар атқаруы тиіс жұмысты ұршықша үйіріп әкететін әйелдер аз емес. Соның бірі - Гулмаруа Ташева. 22 жыл троллейбус жүргізушісі болып жұмыс істейтін Гүлмаруамен Almaty.tv тілшісі кездесіп, жұмысының қыр-сырына қанықты.
Гулмаруа Ташева - Саялы шағынауданы мен Сейфуллин даңғылы аралығына қатынайтын №25 троллейбустің жүргізушісі. Алдымен қызметінің 16 жылында трамвай айдаған. Кейіннен троллейбус тізгіндей бастапты. Өз жұмысының аса қиындық тудырмайтынын, тіпті үйреншікті дағдыға айналып кеткенін айтады.
«Негізі мамандығым - педагог. Бірақ ес білгілі осындай көліктер жүргізіп келемін. Отбасымда бұл кәсіппен айналысатын ешкім жоқ. Жолдасым да басқа салада», - дейді троллейбус жүргізушісі Гулмаруа Ташева.
Троллейбус жүргізушісінің күнделікті жұмысы таңғы сағат 5.00-тен басталады. Автобустың техникалық жағдайын бақылап, қажетті жабдықтарын түгендеп алу - оның жұмысының алғашқы сатысы. Жол бойында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау аса маңызды дейді кейіпкер. Себебі ол жол үстінде бір емес, бірнеше адамның өміріне жауапты.
«Жұмысымның қиын тұсы деп жеңіл көліктердің бізге жол бермей жататын сәтін айтар едім. Алматы көшелерінде біздің өз жолағымыз бар. Көбінесе жеңіл көлік иелері біздің жолағымызға түсіп алып, кедергі келтіреді. Қазір жолаушылар таксиден гөрі қоғамдық көлікке отырса, діттеген жеріне тез жететінін біледі. Содан кейін де жолаушы көп. Жалақым да жаман емес», - дейді Гулмаруа Ташева.
Күміскүл Әкімжанова - троллейбус паркінің жетекшісі. Әріптесінің жұмыста жауапты әрі салмақты екенін айтады. Соңғы уақытта әйелдердің қоғамдық көліктерді жүргізуге қызығушылығы артып келеді екен. Бүгінде қаладағы бір автопаркте көлік тізгіндейтін әйел азаматтарының саны 70-ке жуықтайды.
«Бізде жұмыс істейтін әйелдердің бәрі де өте әдемі. Оларға жүктелетін міндет ортақ. Әйелдікі, ер адамдікі деп бөлмейміз. Бұл жалпы нәзік жандылардың мықты екенін көрсетеді», - деді троллейбус паркінің жетекшісі Күміскүл Әкімжанова.
Кейіпкеріміздің айтуынша, қызмет жолында аса бір қауіпті оқиғалар болмаған. Оның пікірінше, мұндағы атқарылатын шаруа ердікі немесе әйелдікі деп бөлінбейді. Бірақ кім болса да, жүрегінің түгі болуы керек.
Ұлағат Арғын, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 2
@user-wr7em8oy7p
@user-wr7em8oy7p 2 жыл бұрын
Молодец Гулмаруа👍👍👍всегда желаю удачи!Руководитель тоже хорошая👍👍удачи девушки
@user-xs8it6ir2o
@user-xs8it6ir2o 2 жыл бұрын
Молодец 🌹🌹🌹🤩👍
23 сәуір 2024 жыл - 09:00 І 24KZ таңы
48:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 3 М.
Мұз жүректі Расул да еріте алмай ма ?
20:50
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 150 М.
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 39 МЛН
SUPER PRAYER (all 4 shorts) Steve, Herobrine & Alex
00:27
Sam Green
Рет қаралды 13 МЛН
How to Sneak Make Up Into Class 💄 #shorts
00:30
BubbleBee
Рет қаралды 11 МЛН
Утро 24KZ | Выпуск 08:00 от 23.04.2024
44:42
Телеканал 24kz
Рет қаралды 4,3 М.
«Жат бауыр» телехикаясы І 3-бөлім
51:56
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 361 М.
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 219 БӨЛІМ! 23.04.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 32 М.
«Жат бауыр» телехикаясы І 2-бөлім
52:18
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 410 М.
попурри из хитов все хиты подряд non stop 2024
1:35:07
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 39 МЛН