Алматылық Айым Сағатбек үшем дүниеге әкелді (12.07.21)

  Рет қаралды 4,958

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

3 жыл бұрын

Алматыда дүниеге үшем әкелген 24 жасар ана бүгін перзентханадан шықты. Тұңғыш сәбилерін асыға күткен жас отбасы ендігіде үш бірдей қыз баланың ата-анасы атанып отыр. Жастардың қуанышына ортақтаса келген көпшілік ана мен балалардың денсаулығына қатты алаңдағанын айтады. Толығырақ Almaty.tv тілшісі тарқатады.
Айым Сағатбек 26 мамырда үш бірдей қыз баланы дүниеге әкелген. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер жүктіліктің 29-аптасында 1 келіге жетпейтін салмақта өмірге келіпті. Сондықтан болар, нәрестелер бірнеше күн жансақтау бөлімінде болған.
«Басында үшем екенін білген кезде аздап қорқыныш болды. Сәбилердің жынысы маңызды болмады. Босанған соң, оларды бірден реанимацияға алып кетті, ол жақта өте жақсы қарады. Реанимациядан 10-15 күнде шықты. Бірінші екі қыз шықты, содан кейін Сезім шықты», - деді жас ана Айым Сағатбек.
Көптен күткен қуанышқа жас отбасының жақындары жиналып, үшем мен жас ананы үйге алып қайтты. Күллі әулеттің көзайымы болған кестетігерлерге өз кезегінде орталық қызметкерлері де сыйлықтарын тарту етті.
«Бірден 3 немерелі болып жатырмыз. Рақмет! Мен осы перзентхананың дәрігерлеріне алғысымды білдіремін. Балам мен келінімнің бұл ең алғашқы балалары, өте қатты қуаныштымыз», - деді үшемнің әжесі Бағдагүл Анаятова.
«Сезім деген алып ұшып тұр. Әр баланың ырысы болады деп жатады. Естігенде жылап та алдым. Ризамын», - деді үшемнің әкесі Ерасыл Қуантаев.
Алғашында нәрестелердің жағдайы ауыр еді. Дәрігерлер жансақтау бөлімі мен арнайы СИПАП аппаратында болған сәбилердің хәлі қазір жақсы, денсаулықтарына да еш қауіп жоқ екенін айтады.
«Жалпы динамикасында жағдайлары жақсарып, сүтті өз беттерімен еміп, қазіргі таңда бірінші нәресте 930 граммен туылып, 1935 граммен шығып жатыр. Екіншісі 9801 граммен туылып, 2009 граммен шығып жатыр. Үшінші нәрестеміз 910 граммен туылып еді, 1730 граммен шығып бара жатыр» - деді қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерініің орынбасары Ботагөз Арынова.
Көптің қуанышына себеп болған сәбилерге жақындары Асылым, Аяулым, Сезім деп ат қойды.
Айта кетейік, олар жыл басынан бері дәл осы орталықта дүниеге келген үшінші үшем.
Мадина Оқас, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 22
@user-xo1np4ty1d
@user-xo1np4ty1d 3 жыл бұрын
Бауы берік жастары ұзақ болсын, қазақ халқының болашақ арулары.👍👍
@user-yi9hv5ih7t
@user-yi9hv5ih7t 3 жыл бұрын
Жаным сол қазақ көбейе берсін.Бізге де жұғысты болсын Аумин
@rayhantemirova1412
@rayhantemirova1412 3 жыл бұрын
Аллаһым мағанда нәсіп етші мен сияқты армандаған аналарғада нәсіп етші Раббым Аллаһ жалынамын 🤲🤲🤲🤲🤲🤲
@user-bd5ov1mu1t
@user-bd5ov1mu1t 3 жыл бұрын
Тура менің баламның туған кунінде туыпты Жараисың аман болсын қыздарың🐥🐥🐥🐥🐥💖😘
@user-uv8pf8uv1s
@user-uv8pf8uv1s 3 жыл бұрын
сабилердин бауы берик омирлери узак болсын куаныштарына ортакпын маганда жугысты болсыншы😙😙😙👍👍
@user-dl3ry1ih9g
@user-dl3ry1ih9g 3 жыл бұрын
Қуаныш узагынан болсын, жұғысты болсын қазағыма 🤲👨‍👩‍👧‍👧👫👫👫👫
@user-dy3lm1un7s
@user-dy3lm1un7s 3 жыл бұрын
Жугыстты болсын
@user-ed6ou7yy5n
@user-ed6ou7yy5n 3 жыл бұрын
Бизгеде жугысты болсын🌷🌷🌷
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 3 жыл бұрын
Құтты болсын!
@user-hn4xf5iz6q
@user-hn4xf5iz6q 3 жыл бұрын
Жандарым сол ,аман болсын.
@user-nx7wh8it2v
@user-nx7wh8it2v 3 жыл бұрын
Бауы берік болсын . Аман болып көбейе беріңдер.
@guleke0212
@guleke0212 3 жыл бұрын
Қазағым осылай көбейе берсін! Анасы да,сәбилер де аман болсын!
@nurumkyzy
@nurumkyzy 3 жыл бұрын
Бауы берік болсын
@user-sd2lr2xq5h
@user-sd2lr2xq5h 3 жыл бұрын
Бауы берік болсын балапандардың !!!
@user-dl3ry1ih9g
@user-dl3ry1ih9g 3 жыл бұрын
Асылым, Аяулым, Сезим, тәтті балапандар 🍼🍼🍼🌹🌹🌹👏👏👏
@user-dl3ry1ih9g
@user-dl3ry1ih9g 3 жыл бұрын
Қуаныш құтты болсын
@user-er1bk5fd9l
@user-er1bk5fd9l 3 жыл бұрын
Бауы берік болсыңң
@user-dl3ry1ih9g
@user-dl3ry1ih9g 3 жыл бұрын
Алла шипасын берсин, ушемдердин бауы берик болсын, Қазақтын саны арта берсин 👍🏻🍼🍼🍼👏👏👏👏👏
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 3 жыл бұрын
Теле....
@user-jk2is8ez7z
@user-jk2is8ez7z 3 жыл бұрын
Шашын желбырет пей жинамаймекен.Енесы неге үйретпейды екен.
@user-cu9fe8eb7b
@user-cu9fe8eb7b 3 жыл бұрын
Құтты болсын!
Жаңа қоныс. Телехикая. 3-маусым. 3-бөлім
25:15
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1,5 МЛН
Танымал әнші Қайрат Нұртас сотталды
3:31
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 30 М.
Smart Sigma Kid #funny #sigma #comedy
00:25
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 11 МЛН
1❤️
00:17
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 12 МЛН
Пробую самое сладкое вещество во Вселенной
00:41
3M❤️ #thankyou #shorts
00:16
ウエスP -Mr Uekusa- Wes-P
Рет қаралды 11 МЛН
Айдос Садықовпен қоштасу. Белсенді Киевте жерленді
4:44
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 13 М.
Алматыда байғыз құсының санағы аяқталды
1:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 12 М.
Алматыда БРТ жолақтары пайда болады
3:01
Алматыдағы қазіргі ахуал. LIVE
1:51
Телеканал 24kz
Рет қаралды 13 М.
Алматыда 3 жұмысшы ер адамды ұрып өлтірді
0:44
Телеканал 24kz
Рет қаралды 45 М.
Алматыда қар көшкіні жүрді
2:49
Телеканал 24kz
Рет қаралды 33 М.
Smart Sigma Kid #funny #sigma #comedy
00:25
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 11 МЛН