Б. Сағынтаев Түрксіб ау.-дағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның құрылыс барысын тексерді

  Рет қаралды 1,488

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

3 жыл бұрын

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның құрылыс барысын тексерді. Шаһар басшысы жұмыс сапары барысында көпқабатты үйлерді, электрқосалқы стансаларын, мектептерді, ДСК-ін, сонымен қатар жолайрық құрылысының қарқынымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Бұқтырма көшесі мен Құлжа тракті қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы барысымен танысты. Төрт және алты жолақты заманауи көлік өткізгіш ШААЖ әуежайға баратын жолмен байланыстырып, осы учаскедегі жол жүктемесін азайтады. Құлжа трактісі арқылы өтетін эстакада ұзындығы 784 м, ал, Бұқтырма көшесі бойындағы туннель - 570 м. Бұған іргелес аймақты абаттандыру үшін 750 ағаш отырғызылатын болады.
Б. Сағынтаев қозғалысты кезең-кезеңмен жіберуді тапсырды. Күзде эстакаданың бір жолағында көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Бүгінде эстакаданың 110 м бетондау жұмыстары аяқталды, келесі 84 м құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 150 м туннельдің 100-нің құрылысы да аяқталды.
Түрксіб ауданына қосылған шағын аудандарда инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Нұршашқан, Қайрат және Әлмерек шағын аудандарында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы екі айда тұрғындар оған қосылатын болады. Сонымен бірге, аталған шағынаудандарда жолдарды жөндеу және салу жұмыстары басталды. Аталған шағын аудандардың көшелері 100% дерлік сыртқы жарықпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, электрмен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде.
Түрксіб ауданының Қайрат ықшам ауданында қосалқы стансаның құрылысы жүргізілуде. Жоспарланғандай, осы жылдың күзінде пайдалануға берілісімен, Түрксіб ауданының Әлмерек, Нұршашқан, 15 мыңға жуық тұрғыны бар Қайрат ықшам аудандарының 200 мыңға жуық тұрғыны электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады, сондай-ақ, Медеу ауданының Думан ықшам ауданы да бар.
Б. Сағынтаев жүргізілетін жұмыстардың сапасын және мерзімінде орындалуын бақылауды тапсырды. Жоба маңызды, ол қалаға қосылған шағын аудандардың энергияға тәуелділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, апатты жағдайлар едәуір төмендейді. Нысанда 90 жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, иесіз қалған, қызмет көрсетілмейтін электр желілерін жаңарту жоспарлануда.
Сондай-ақ, салынып жатқан және салынуы жоспарланған тұрғын және коммерциялық нысандар үшін, оның ішінде Кұлжа трактісі бойымен және жаңа әуежай терминалы бойында салынуы жоспарланған әлеуметтік инфрақұрылым объектілері үшін қуаттылық қоры жасалады. Одан бөлек, Алматы облысының Талғар ауданы электр энергиясымен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен бірге, иесіз қалған желілердің барлығы қала балансына берілді. Қалаға қосылған шағын аудандар Талғар АЭС қосылғандықтан бұларда жарық жиі өшіп қалады. Іс жүзінде қызмет көрсетпейтін желілер модернищацияланады.
Б.Сағынтаев жүргізілген жұмыстардың сапасы мен құрылыс мерзімін сақтауды бақылауға алуды тапсырды. Жобаның үлкен стратегиялық маңызы бар, өйткені ол бекітілген шағын аудандардың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және апатты жағдайларды айтарлықтай азайтады.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қайрат ықшам ауданындағы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көппәтерлі үйлердің құрылысымен танысты. Кешен 2062 пәтерлі 35 үйден тұрады, жалпы көлемі 166 127 мың ш/м.
Салынып жатқан тұрғын үй мыңдаған мұқтаж жандарды қолжетімді пәтерлермен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, сатып алу құқығынсыз 1451 пәтер жалға берілетін болады. Бұл ретте 185 пәтер көп балалы отбасыларға, 216 - халықтың әлеуметтік осал топтарына, 1050 - жұмысшы жастарға арналған. Одан бөлек, 611 пәтер кезекте тұрғандар үшін несиелік желі бойынша бөлінеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жылдың соңына жоспарланып жатыр.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс кезінде әлеуметтік тұрмыстық қызмету нысандарына орын беруді қарастыру қажет.
Түрксіб ауданының Қайрат және Жас Қанат жаңа шағын аудандарында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Көп пәтерлі тұрғын үй кешені де, жеке тұрғын үй құрылысы да салынуда. Халық санының өсуіне байланысты аталған шағын аудандарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Аталған сұрақтың шешімін табу мәселесі Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың үнемі бақылауында. Жұмыс сапары барысында әкім құрылыс қарқыны мен нысандардың құрылыс сапасын тексереді.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 1
@user-mt9pp1hq5v
@user-mt9pp1hq5v 3 жыл бұрын
Ұры не бітіреді дейсін...
Когда стал самым умным
00:13
Double Bubble
Рет қаралды 16 МЛН
Final muy inesperado 😨
01:00
Juan De Dios Pantoja
Рет қаралды 39 МЛН
Genial gadget para almacenar y lavar lentes de Let's GLOW
00:26
Let's GLOW! Spanish
Рет қаралды 35 МЛН
Еске Алу. Балқаш қаласы Айкенов Оралбек
3:51
Еске Алу. Өркен-Media
Рет қаралды 54
Жаңалықтар | 24.04.2024 | 19:00
23:44
Khabar NEWS
Рет қаралды 2,2 М.
Алматы тауларында сел жүрді
0:40
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,3 М.
М.Мақатаев "Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай"
1:18
Ғабит Мүсірепов театры
Рет қаралды 72 М.
Алматыда «Азия дауысы» өтіп жатыр
1:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 2,6 М.
Өкен Таңысхан.Керемет ән
2:45
Аякөз Кыдырбай
Рет қаралды 50 М.