COVID-19: Отандық ғалымдар қандай жаңалық ашты (арнайы репортаж)

  Рет қаралды 479

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

3 жыл бұрын

Қытай Республикасының Ухань қаласынан табылған бір ғана қауіпті вирус әлемге әп-сәтте тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жасқа да, байлыққа да, денсаулыққа да қарамай талай тағдырды жалмады. Әлі де айылын жиған жоқ.
Бұрын-соңды мұндай дертпен бетпе-бет келмеген адам баласы абдырап қалды әу баста. Ғалымдар, саясаткерлер, дәрігерлер түрлі болжам жасады. Бірі қарусыз майдан деді, енді бірі «қайдам» деп вирустың қайдан, қалай шыққанын қазбалай бастады. Әлемнің «мен» деген мықты ғалымдары COVID-19-ды жоюдың, емдеудің әдіс-тәсілдерін зерттеуге, жаңа препарат ойлап табуға бел шеше кірісті. Осы жерде қазақстандық медицинаның жілігін шағып, майын ішкен майталмандары дамыған елдердің ғалымдарын баса озбаса да жедел шешім қабылдағанын мойындау керек. Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарының алдына мақсат қойды, қолдау танытты.
«Осы медицина саласына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Яғни санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тиісті көңіл бөлуіміз керек. Содан кейін медицина ғылымына көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі жағдайда адамзаттың тағдыры ғалымдардың қолында. Сондықтан келешекте ғылымға көбірек көңіл бөлуіміз керек», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының дертті дер кезінде тоқтату жолында атсалысуға баса назар аударуы көрегендік деуге болатын шығар. Бірнеше рет халыққа үндеу жариялады. Ғылыми орталықтардың әлеуетімен танысты. Өйткені әлемнің экономикасы құлдырады. Шекаралар жабылды. Өндіріс орындары тоқтады. Бизнес банкротқа ұшырады. Шектеулер енгізіліп, апталап, айлап адамдар үйлеріне қамалып отыруға мәжбүр болды. Сондықтан халықтың әл-ауқатын төмендетіп, экономикалық ахуалды күрделендіріп алмас үшін бірінші кезекте халықты қорғаудың амалын жасау міндеті тұрды. Қазақстандық ғалымдар алдымен COVID-19 коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жасап шығаруға кірісті. Солардың бірі - Ноттингем және Питтсбург университеттерінің түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген жас генетик ғалым Болат Сұлтанқұлов алты ай ішінде тез-тест ойлап тапты. Қазіргі қолданыстағы ПЦР тесттен айырмашылығы, оған ешқандай қымбат құрылғы керек емес. Шикізаты аса қымбат шығынды да қажет етпейді.
«Бұл тест антитела емес, өзі вирусты көрсетеді. Оны қолданатын наноденелер деген нәрселер бар. Оған алтынды қостық. Наноденелерді маған Швейцариядан Цюрих университетінен жіберді, көмек ретінде осы тестті жаса, деп. Наноденелердің ең маңыздысы ол өте арзан нәрсе. Оны бір көптеген бактериялардың ішінен шығаруға болады», - деді жас ғалым Болат Сұлтанқұлов.
Ендігі кезекте әлемдік ғалымдар вакцина жасаудың жолын іздестіруге көшті. Екпе мәселесі қазақстандық ғалымдарды да бей-жай қалдырмады. Әрине, коронавирусқа қарсы дәрі немесе вакцина шығару тест жасаумен салыстырғанда әлдеқайда қиын. Оған бірнеше жыл кетеді. «Кісідегінің кілті - аспанда». Сондықтан эпидемия кезінде біреуге қол жайып отырғаннан гөрі отандық вакцинаның болуы өте маңызды екені сөзсіз. Елімізде вакцина жасау үлкен екі мекемеге тапсырылды. Олардың біреуі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты болса, екіншісі - Ұлттық биотехнология орталығы. Тапсырыс берілген күннен бастап аталған екі ғылыми орталықтың мамандары арнайы зерттеу бағдарламасын даярлап, зерделеу жұмыстарын бастап кетті.
«Біздің Qaz.Covid-in инактивтелген, яғни өлтірілген вакцина. Адамдарға пайдаланылмас бұрын бірнеше кезең бақылау талаптарынан өтеді. Алдымен ол доклиникалық зерттеулер. Бірнеше жануарларға доклиникалық зерттеулер өткізілді. Оның нәтижесінде адамдарға клиникалық зерттеулерге шықтық. Ал спутник V векторлық вакцина. Платформалары әртүрлі. Оларды технология, механизм жағынан салыстыруға болмайды», -деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария.
Жамбыл облысындағы институт ғалымдарының сөзінше, Qaz.Covid-in вакцинасы шетелдік екпелерге қарағанда өзгеше. Бұл бөлінбеген толық вирус. Тек бірнеше рет өлтіріліп, көбеймейтіндей дәрежеге жеткенде ғана адамға салынады. Ал басқа вакциналар бірнеше вирустан құрылған. Яғни, коронавирустың бір бөлігі, келесі бір вирусқа қосылып жасалады. Сондықтан мамандар Qaz.Covid-in-нің тиімділігі жоғары дейді.
Жамбыл облысындағы институт ғалымдарының сөзінше, Qaz.Covid-in вакцинасы шетелдік екпелерге қарағанда өзгеше. Бұл бөлінбеген толық вирус. Тек бірнеше рет өлтіріліп, көбеймейтіндей дәрежеге жеткенде ғана адамға салынады. Ал басқа вакциналар бірнеше вирустан құрылған. Яғни, коронавирустың бір бөлігі, келесі бір вирусқа қосылып жасалады. Сондықтан мамандар Qaz.Covid-in-нің тиімділігі жоғары дейді.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 2
@mereikarimov273
@mereikarimov273 3 жыл бұрын
Осы уақытқа дейін көңіл бөлмей келді медицинаға, енді ойланып жатырма? Ас ішерде керек деген осы
@user-lr6pm8wi3k
@user-lr6pm8wi3k 3 жыл бұрын
🙏🙏🙏👍👍👍👍👍👍👍
Новости 18:30 от 7.05.2024
19:30
Евразия. НОВОСТИ
Рет қаралды 36 М.
Алматыда байғыз құсының санағы аяқталды
1:58
Телеканал 24kz
Рет қаралды 11 М.
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 26 МЛН
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 6 МЛН
Парковка Пошла Не По Плану 😨
00:12
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 15 МЛН
Алматыдағы дауыл. ТЖД ескерту жасады
1:08
Телеканал 24kz
Рет қаралды 17 М.
ЖАСАНДЫ ТҮСІК. ДЕНСАУЛЫҚ
5:22
Благотворительный фонд AYALA
Рет қаралды 31 М.
Алматыда дауылды ескерту жарияланды
0:40
Телеканал 24kz
Рет қаралды 13 М.
Производство яичных лотков
0:33
Сибирская Полимерная Компания
Рет қаралды 886