Қазақ халқының арманы орындалған күн: Тәуелсіздік декларациясы қалай қабылданды (25.10.21)

  Рет қаралды 484

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Осыдан тура 31 жыл бұрын ел егемендігін айқындайтын тарихи құжатқа қол қойылды. 1990 жылдың 25 қазанында Жоғары кеңесте «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданды. Саяси дағдарыс белең алған қысылтаяң шақта оны қабылдау оңайға түспеді. Ел болашағы үшін маңызды құжатты талқылау кезеңі қалай өрбіді? Тарихи сәтке Almaty.tv тілшісі көз жүгіртіп көрген еді.
Құжатта Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ол мемлекеттің тәуелсіздігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Елдің тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жаршысындай болған сол тарихи кезеңдегі ең маңызды құжат еді. Себебі 90-шы жылдардың аяғында Кеңес Одағының ыдырау процесі басталып, әр одақтас республика өзінің тәуелсіздігі туралы мәселені көтере бастаған кезеңде, Қазақстан Республикасы тұрғындарының бастамасы ретінде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды», - деді әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дің тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева.
Тарихшылардың айтуынша, 17 баптан тұратын құжат Жоғары Кеңесте 6 сағат бойы талқыланды. Оның әрбір бөлімі, тіпті сөйлемі депутаттар арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбір баптарға үзілді-кесілді қарсы шығып, құжатты қабылдауды кейінге шегеруді ұсынған қызыл ком­мунис­тер де болды.
«Талқылау өте күрделі жүрді. Онда Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ол кезде Президент еді, 11 рет сөйлепті. Өйткені әрбір пунктке түсініктеме беру керек болды. Неге қажет екенін де айту керек болды», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.
Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны» 1990 жылы 25 қазан күні 18 сағат 55 минутта қабылдады. Бұл - егемен елдің халқы мәре-сәре болып, бір-бірінен сүйінші сұраған күн. Қанша басып-жаншылса да, дербестіктен үмітін үзбеген қазақ жұртының арманы орындалған күн.
«Жұма, әлде сенбі күні болатын. Ерекше бір сезімде болдық. Мен тура сол уақытта шипажайда жатыр едім. Таңертең газетті алып оқып, әбден рахаттанғаным бар. Өйткені Тәуелсіздіктің қажеттігін 86-шы жылғы желтоқсаннан кейін бүкіл қазақ даласы аса қатты сезінді», - деді Хангелді Әбжанов.
Деклара­ция 1991 жылғы 16 жел­тоқ­санда қабылданған еліміздің Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңға негіз болды. Осылайша, жаһанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалыптасты.
Сымбат Ноғай, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 1
@user-ki5vv3rh1x
@user-ki5vv3rh1x 2 жыл бұрын
Дербес болған жоқпыз.Орыс әлі басқарып отыр ғой
I-SEED: Біздің қоғам - біздің жауапкершік
2:26
British Council Kazakhstan
Рет қаралды 7 М.
Қазақстан жаңалықтары | 25.04.2024
9:43
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 2,4 М.
Guess The Gift, Keep It
00:46
MrBeast
Рет қаралды 119 МЛН
PILIHLAH PASANGAN KAUS KAKI 🧦 MEMBERSIHKAN KAKI
00:17
One More Indonesia
Рет қаралды 98 МЛН
Алматыда көлік қозғалысы қиындады. LIVE
4:36
Телеканал 24kz
Рет қаралды 15 М.
Той құтты болсын!!! Хамрақұл мен Диана!
3:12:32
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 196 М.
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 221 БӨЛІМ! 25.04.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 34 М.
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ КҮТІМ / AYALA
5:36
Благотворительный фонд AYALA
Рет қаралды 67 М.
Мақсат Базарбаев - Сен болмасаң | Жұлдызды караоке
4:04
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 200
БОСАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
4:11
Благотворительный фонд AYALA
Рет қаралды 12 М.