«Қазақстан мұғалімі-2021»: Алматыда жылдың үздік ұстазы анықталды (27.09.21)

  Рет қаралды 857

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Алматыда жылдың үздік ұстазы анықталды. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған республикалық «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Жеңімпаз жүзден жүйрік шыққан, финалдық кезеңге өткен он лауреаттың ішінен анықталды. Жылдың үздік ұстазы 4 млн теңге қаржылай жүлдеге ие болды. Енді ол «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығына 300-ден астам үміткерден өтінім келіп түскен. Олардың арасынан озық шыққан 10 педагог финалдық кезеңге өтті. Үздік ұстазды анықтаудағы негізі талап - мұғалімнің әлеуметтік істерге қатысуы назарға алынады. Халықаралық байқау елімізде қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен биыл 3-ші рет өткізіліп отыр.
«Құрметті достар, бүгінгі байқаудың финалистері, мен сіздермен мақтанамын. Бүгінгі жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Барлық мұғалімге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін», - деді Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған үздік ондықтың арасынан алматылық Алла Буренкова үздік шықты. Ол қалалық №42 мектепте музыка пәнінен дәріс береді. Бүгінге дейін сабақ өткізу барысындағы ерекше әдістемелері халықаралық басылымдарда жарияланып жүр. Шәкірттері ғылыми сайыстардың және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып үлгерген. Енді ол алдағы жылы өтетін «Әлем мұғалімі» байқауына жолдама алды. Халықаралық конкурстың жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайды.
«Шынымды айтсам, мен бұл жүлдені жеңіп аламын деп ойламап едім, әлі де сене алмай тұрмын. Бұл конкурс шынымен де, мұғалімдердің тәжірбиесімен және құндылықтарымен танысуға мүмкіндік береді», - дейді «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығының иегері Алла Буренкова.
Асхат Жұмабеков - Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебенің мұғалімі. Өткен жылы жаһандық сыйлықтың финалисі атанып, әлемнің үздік 50 мұғалімінің қатарына қосылған. Бұл - тарихи оқиға, өйткені бұрын-соңды елімізден бірде-бір педагог аталған сыйлыққа үміткер болмаған.
«Заманауи мұғалім әрқашан ізденіс үстінде жүріп, өзін жетілдіріп отыруы керек. Оқушылардың ғылыми жұмыстарымен айналысуына жағдай жасауы қажет. Жеке ұстанымым да осы. Сабақтарымды тәжірибе негізінде өткізуге тырысамын», - деді Global Teacher Prize халықаралық сыйлығының номинанты Асхат Жұмабеков.
Атап өткен жөн, Global Teacher Prize - Нобель сыйлығының баламасы. Тек ұстаздарға беріледі. Үміткерлердің еңбегін тәуелсіз сарапшылардан құралған педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері және ата-аналар қауымдастығының өкілдері бағалады. Елімізде мұндай ұлттық сыйлықты өткізу дәстүрге айналмақ.
Ұлағат Арғын, Ялкунджан Әшімжанов, Жасұлан Өмірзақов, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 3
@user-ko1wf2kh5s
@user-ko1wf2kh5s 2 жыл бұрын
Жылдын устазына Талас ауданы Бостандык ауылынын Алгабас орта мектебинин Бастауышка билим беретин Жамангараева Нурила болганда кандай керемет болар еди .ойткени ен керемет устаз билимди тажирибели сондай мейиримди устаз. Ауылдардында мугалимдерин жай калдырманыздаршы.
@azirkros968
@azirkros968 2 жыл бұрын
Немене орысша сөйлейді осылар.
ОСКАР ИСПОРТИЛ ДЖОНИ ЖИЗНЬ 😢 @lenta_com
01:01
KINDNESS ALWAYS COME BACK
00:59
dednahype
Рет қаралды 115 МЛН
THEY made a RAINBOW M&M 🤩😳 LeoNata family #shorts
00:49
LeoNata Family
Рет қаралды 29 МЛН
孩子多的烦恼?#火影忍者 #家庭 #佐助
00:31
火影忍者一家
Рет қаралды 46 МЛН
08 шілде 2024 жыл - 19:00 жаңалықтар топтамасы
17:15
Алматы глазами искусствоведа из Москвы | STORIES
15:52
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 64 М.
Домработница!!! Уральские Пельмени.
9:25
Позитивчик
Рет қаралды 1,1 МЛН
Алматыда ұлардай шулаған жұрт жолды жауып тастады
3:06
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 44 М.
ОСКАР ИСПОРТИЛ ДЖОНИ ЖИЗНЬ 😢 @lenta_com
01:01