Рет қаралды 2,246
“Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, тастай саламыз". Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айтуынша, оның пікір-пайымын батыстық тәрбие алғандар мен орысша оқығандар бұрмалап жіберген. Абайтанушы не айтқысы келді? Оның бұл ойына қатысты халық қалаулылары не дейді?
Ақпараттың, желінің дамыған заманында қоғамдық ой тудыратын мәселелер шығып жатқаны анық. Осы бір себептен ел алдына шығып жүрген азаматтарымыз қай жерде, қай аудиторияда қандай сөз айту керектігін ескеріп, барынша сақ болуы тиіс, дейді мәжілісмен Бақытгүл Хаменова. Депутат болашақ ана бүгінгі қыз балаларды маркерге теңеу туралы әңгімені талшыбықтай өсіп келе жатқан жасөспірім балаларға айту жөн емес деп түсінеді. Айтуынша, оқушылар қазір мақта сияқты. Жақсыны да, жаманды да тез сіңіреді дейді халық қалаулысы.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
KZbin - / almatyus
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
instagram - / almaty.tv