Кино әлемінің қайталанбас тұлғасы Досхан Жолжақсынов 70 жасқа толды (08.10.21)

  Рет қаралды 9,456

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Қазақтың Құнанбайын қалың көрерменге жеткізе сомдаған, «Біржан салдың» бейнесін ашқан Досхан Жолжақсынов 70-ке толды. Азаматтың мерейлі жасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кино және театр актерін «Отан» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін аталған награда әртіске салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Досхан Жолжақсынов. Болмыс-бітімі, рөлі мен дауысы көптің көкейінде сақталған әртіс күні кеше 70 жасқа толды. Жарты ғасырға жуық еңбек жолында 200-ден астам бейнені сомдаған актердің кез келген рөлі қазақ кинематографиясында бір ғана «Құнанбай» фильміндегі рөлімен-ақ есте қалды. Ел тарихындағы ерді көрерменіннің көз алдына әкеле алуын әртістің шеберлігі десек, бүгінге дейін бейнелеген алуан кейіпкері оның кәсіби қабілетін, рухани тереңдігін аңғартқандай.
«Досханның басқа режиссерлерден ерекшелігі - ол тарихты жақсы біледі. Қазақтың тарихын жақсы біледі. Сондықтан оның тағы бір азаматтығы - тарихты біліп қана қоймай, оны тірілтіп, көрерменге ұсына біледі, кино арқылы көз алдыңа әкеледі, жүзбе-жүз таныстырады», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір.
«Досекеңнің өнердегі орны бөлек деп есептеймін. Оның өнерге деген адалдығы ғана айшықтап тұрған жоқ. Жалпы, адам бойында айнымас бір тұғыр, үлкен негіз, қалып болады. Сол қалыптың барлығы Досекеңнің бойында бар», - дейді тележүргізуші, Д.Жолжақсыновтың жары Қарагөз Сүлейменова.
Бүгінгі марапаттау салтанатында актердің кәсіби жолындағы еңбегі, отандық кино және театр өнеріне қосқан үлесі мен шәкірт тәрбиелеудегі тәжірибесі айрықша айтылды. Елбасы мен Президенттің құттықтау хатын жеткізген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев та өз сөзінде Досхан Қалиұлының ұлттық өнердегі өнегесіне тоқталды. Ал әртістің өзі «Азды-көпті еңбегім еленсе, әуелі халықтың көрегендігінен, жұмысыма берген бағасынан» дейді.
«Сіздерге басымды иемін... Сол өнер шын мәнінде, халықтікі екенін келер ұрпақ, өнер жолына келетін лек сіздер арқылы мойындауы керек», - деді актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.
Біршама туындыда басты рөлде ойнаған әртіс «Біржан сал», «Құнанбай» образы арқылы ұлттық кино өнеріндегі тарихи-драмалық жанрды жаңғыртты. Тарихқа оралу арқылы тағдырды асқақтатты. Мұның бәрі әу баста айтқандай, азаматтың мамандық пен ұлт тарихын ұштастыра білуінде.
Мадина Оқас, Жасұлан Өмірзақов, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 11
@user-im5fr8hh1v
@user-im5fr8hh1v 2 жыл бұрын
Керемет актёр👍
@user-zh3oq2be9z
@user-zh3oq2be9z 2 жыл бұрын
лайықты марапат!!! Аға,жасай беріңіз!!!🌺🙏🏼
@user-lv9cf7qb4p
@user-lv9cf7qb4p 2 жыл бұрын
Досхан аға марапатыңыз құтты болсын! Өр Алтай Шығыстың мақтанышы! Ұзақ ғұмыр тілейміз! Әлі де халқыңызға ұсынар еңбектеріңіз көп болсын! Сіз Аңыз адамсыз!
@user-rd5xx3cx6f
@user-rd5xx3cx6f 2 жыл бұрын
Өр Алтай емес күллі қазақтың мақтанышы Досхан ағамыз.
@user-lv1od6cv9w
@user-lv1od6cv9w 2 жыл бұрын
Доскан аке менин мамаммен жасты екен ,омирли болыныз. Дениниз сау болсын .Казак тарихында ерен енбеги бар тулга
@user-vj6lq4oz9z
@user-vj6lq4oz9z 2 жыл бұрын
Керемет актёр Досекең ! Орны бөлек тума талант ! Құтты болсын марапатыңыз ! Әйтеуір тірі кезде марапаттағанына шүкір ! Шәмші ағамыз ұқсап еңбегі еленбей қалмай ! Үкімет кезінде көп актёр әншіге обал жасады ғой ! Өлгеннен кейін марапаттап !
@gulzymirzalieva2655
@gulzymirzalieva2655 2 жыл бұрын
Мерей тойыңыз құтты болсын Қаракөз екеуіңіз қосақтарыңызбен қоса ағарыңыздар менің бір немеремнің Атын Досхан қойғамыз сіз сияқты жақсы адам болсын деп!!!
@user-lb8rj5or6p
@user-lb8rj5or6p 2 жыл бұрын
Досхан ага поздравляю ювилеем желаю долгий лет,крепкого здоровья большое счастья в семье и успехов я тобой горжусь ты божественный человек 😗❤🙋
@user-nq4eq1jj4u
@user-nq4eq1jj4u Жыл бұрын
Сәлеметсізбе.Мен де бір 70-ті алқымдаған найманның қызымын.Сізде бір жеке шаруам бар еді.Қалай байланыссам болады екен.?
@user-xt1ez8lm2r
@user-xt1ez8lm2r 2 жыл бұрын
Tyqan kyninis kyttu bolcun Onerinisben bikten korjnip marapat uesi bolduis enbikti wemisu
@user-nq4eq1jj4u
@user-nq4eq1jj4u Жыл бұрын
Сәлеметсізбе.Мен де бір 70-ті алқымдаған найманның қызымын.Сізде бір жеке шаруам бар еді.Қалай байланыссам болады екен.?
Жұрттан тығылып жұп болғандар!
20:47
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 19 М.
Басты жаңалықтар 16.05.2024 | Жаңа уақыт
25:24
JIBEK JOLY NEWS / Жібек жолы жаңалықтары
Рет қаралды 56 М.
Мама забыла взять трубочку для колы
00:25
Даша Боровик
Рет қаралды 2,2 МЛН
Өкен Таңысхан.Керемет ән
2:45
Аякөз Кыдырбай
Рет қаралды 53 М.
Новый взгляд: Обработка деревьев
24:20
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 185
АНГЕЛ-ХРАНИТЕЛЬ 2 серия
34:13
ASTANATV Movie
Рет қаралды 2,7 МЛН
Ескі көлік қаптай ма? «Талқы»
29:16
Khabar NEWS
Рет қаралды 9 М.
Мама забыла взять трубочку для колы
00:25
Даша Боровик
Рет қаралды 2,2 МЛН