Мектепте жұмыс істейді: Атырауда әйел нәрестесін әжетханада туып тастап кеткен (04.10.21)

  Рет қаралды 4,333

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Атырау облысы Индер ауданында айы-күні жеткен шақалақ әжетханада дүниеге келді. Сәбидің өмірге келгенін қаламаған анасы жүктілігін 9 ай бойы жасырып келген. Мақсатты түрде даладағы әжетханада босанған ана да, шақалақ та қазір дін аман, дәрігерлер бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әжетханада босанған әйел аудандағы музыка мектебінде еден жуушы болып жұмыс істейді. Туған-туыстары да, ұжымдастары да оның 9 ай бойы жүкті екенін мүлдем байқамапты.
«Мен оның аяғы ауыр екенін мүлдем байқамаппын. Тіпті, аяғы ауыр әйелге ұқсамай жүретін. Жалғыз мен емес, көбі аңдамай қалған. Жайсыз хабарды бүгін естіп жатырмыз. Дөрекі мінезін көргенім жоқ», - деді аудандық «Индер балалар өнер мектебі» директорының міндетін атқарушы Гүлсара Адайбекова.
Анасы шақырған жедел-жәрдем қызметіне «денсаулығым тұрақты» деп, үзілді-кесілді қаралудан бас тартқан әйел адам қолхат жазып берген. Ауруханаға да барғысы келмеген. Көп ұзамай 3-4 үйге ортақ әжетханаға барған көршілері сәбидің үнін естіп, бірден хабар берген.
«Индер ауданында 3 қазан күні сағат 12:00 шамасында 102 операторына әжетханада шақалақтың жатқаны туралы хабарлама берген. Соның нәтижесінде шақалақ табылды. Күдікті әйел де табылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Қазір балаға да, анаға да алғашқы көмек көрсетілді. Олар дәрігерлердің бақылауында. Енді жалғызбасты ананың бұл әрекетіне тергеу амалдары нәтижесінде шешім шықпақ.
Райымбек Сафиолла, «Алматы» телеарнасы, Атыраудан
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 4
@tazagulyusupova9767
@tazagulyusupova9767 2 жыл бұрын
9 айлык жукти байкамау о калай Бастысы аман сау болса болар Өмири узак болсын.
@user-qz8bz5yu9x
@user-qz8bz5yu9x 2 жыл бұрын
қиналып 9 ай көтеріп ,қалай тастайды екен. Тастасада нормально жерге тапсырмай ма ? Малда бұлай жасамайтын шығар.Құдай өзі кешірсін қатты айтсам 🙏
@ulzhand7894
@ulzhand7894 2 жыл бұрын
ОҢБАҒАН ҚАТЫН..БАЛАНЫ НЕГЕ ТАСТАЙД.НЕГЕ ЖУКТЫ ЕКННЫН ЖАСЫРҒАН?? ДЕМЕК БАЙЫ ЖОҚ... ЕШАК ҚАТЫН..БАЛАДА НЕЫҢ БАР!? ӨЛТЫРСЕҢ ОСЫНДАЙ ЕШАКТАРДЫ... БАЛАҒА ОБАЛААЙЙЙЙЙ. ЖАС ҚЫЗ ЕМЕС..30 ЖАС БОЛСА...УЯТТАЙ
Alat Seru Penolong untuk Mimpi Indah Bayi!
00:31
Let's GLOW! Indonesian
Рет қаралды 11 МЛН
⬅️🤔➡️
00:31
Celine Dept
Рет қаралды 51 МЛН
Без воды остались 25 тысяч жителей Алматы
2:21
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 2,6 М.
Алматыда жер дүмпуі болуы мүмкін бе?
6:48
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 2,4 М.
Уральские Пельмени - Семейка
1:12:29
Терапия юмором↺
Рет қаралды 3,7 МЛН
Қарашаның қара суығында көше кезгендер қайда түнеп жүр (25.11.20)
2:56
Алматыда үй сапасы қандай, зілзалаға төтеп бере ала ма?
4:23
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 2,7 М.
Alat Seru Penolong untuk Mimpi Indah Bayi!
00:31
Let's GLOW! Indonesian
Рет қаралды 11 МЛН