Олар баласын күтпейді: Қарттар үйіндегі қариялар өмірі (30.09.21)

  Рет қаралды 47,639

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

Күн бұрын

1 қазан - Халықаралық қарттар күні. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді дана халық. Ата-әжелеріміз балаларының қасында отбасының ұйытқысы болып, бейнетінің зейнетін көріп келеді. Өкініштісі сол, қазыналы қарияларымыздың арасында соңғы сәттерін қарттар үйінде өткізіп жатқандары да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Шапағат» әлеуметтік орталығында мереке күні қарттар бар жақсысын киіп, салтанат залына жиналды. Колледж студенттері олардың көңілін көтеру үшін концерт қоймақшы. Әрқайсының жүзінде уайымның көлеңкесі мен өткен күнге деген өкініштің табы байқалады. Иә, олар бүгін өзгені күтсе де, өзектен тепкен өз балаларын күтпейді.
Мұндағы қызметкерлер Вера әжейді тоқымасыз елестету мүмкін емес дейді. Вера әжей әлеуметтік орталықта 20 жылдан бері тұрады. Сексеннің сеңгіріне шықса да, бос отыра алмайды. Бөлмесіндегі әшекей бұйымның бәрі де өз қолынан шыққан.
«Соғыс уақытында киім де де жоқ, нан да жоқ болды. Бір тілім ғана қара нан беретін. Оны жесем, тамағымды қырнап кететін», - дейді зейнеткер Вера Ерофеева.
Ұлты орыс болса да, қазақ тіліне жетік қарияның 15 жасынан бастап араласқан ортасы қазақтар болыпты. Жеке өмірде жолы болмай, сәби сүймеген. Тағдыр тауқыметіне тап болған соң, барар жері болмай, қарттар үйін паналаған.
«Жас кезімнің несін айтайын, айналайын. Қазір осылай отырып-тұрғанымызға Құдайға шүкір дейміз», - дейді Вера Ерофеева.
Біз қаттар үйі дегенде, туғаны қараусыз қалдырып, тастап кеткен орын деп қабылдаймыз. Ал шындығында олай емес. Қарттық жеткенде жалтақтап өмір сүргеннен қашып, жайбарақат өмірді аңсап, өз еркімен келгендер де бар. Соның бірі - Әлжапар ақсақал.
«Ағамның балаларын бақтым, қазір олар үлкен болып кетті. Бәрі ұмытылды. Хабарласамыз, оларға «бәлен-түген» деп айта алмаймын. Әркім өз тірлігімен жүр», - дейді зейнеткер Әлжапар Ауталипов.
Қарттар үйінен талайлар пана тауып келеді. Тіпті, бақытын тапқандар аз емес. Солардың бірі - балаларынан баз кешіп, осында келген ақсақал мен әжей. Бір жыл бұрын некелерін қидырған. Қазір бір-біріне демеу болып, шүйіркелесіп өмір сүріп келеді.
«Шаңырақ» әлеуметтік орталығында 260 қария бар. Олардың ішінде бұрын жоғары лауазымда отырған азаматтар мен тыл еңбеккерлері, тіпті Ұлы Отан соғысының ардегерлеріне дейін бар. Ең өкініштісі де сол, артынан ерген балалары әке-шешеден бас тартқан. Оларды сұхбатқа тарту мүмкін болмады. Көпке шығып, сырын айтқысы келмеді. Бір байқалатыны, бәрінің ата-аналық махаббаты шексіз. Қанша жерден баласы өзектен тепсе де, «перзентім жаман» деп айтпайды.
Әлеуметтік орталықты қарттар үйі демесеңіз, мұнда олар үшін демалыс кешеніндегідей барлық жағдай жасалған. Мәселен, бөлме жаттығу алаңындағы әрбір құрылғы мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағылар үшін ыңғайлы орналастырылған. Сонымен қатар, 4 мезгіл тамақ та беріледі.
Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 51
@ЛираДенеб
@ЛираДенеб Жыл бұрын
Ұлағат Арғын сізге өтініш.Қарттар үйінде тұру тегін бе әлде ақылыма? Алматыдағы адресі қандай? Комментариге жазсаңыз.
@АйдосБердикожаев
@АйдосБердикожаев 3 жыл бұрын
Қарттарымызға амандық, мықты денсаулық берсін, ұрпақтарымызға ұлағаттылық иманжүзділік нәсіп етсін
@ЖайылханЖиендинов-т3г
@ЖайылханЖиендинов-т3г 3 жыл бұрын
Қазақша Орысшаға аудармандарь Керек болса Мемлектик тілінде оқып үйренсин? Осы Орыстар сендерден келген палегой?!
@Жарылкасын01
@Жарылкасын01 Жыл бұрын
​@@ЖайылханЖиендинов-т3гё қйоқ пафй
@ЕрденПак
@ЕрденПак 3 жыл бұрын
Спасибо государству ,что хоть такие здания есть с удобствами.Я незнаю куда и как жили бы вот такие беспомощные люди.Обидно ,что жестоки родные и близкие люди не помогли и не протянули руки помощи.
@РахимаКабылова-ы7й
@РахимаКабылова-ы7й 3 жыл бұрын
Саламатсыздар ма осы қарттар үйінің адресі қандай?
@НургайшаСадыбекова
@НургайшаСадыбекова 3 жыл бұрын
Атаанаға қарамау қандай тас журек қазақтың балалары келиндері обал
@ДжонДожди
@ДжонДожди 3 жыл бұрын
Субхан Аллах қалай жер басып жүрсіндер балдары Аллах жазаларынды берсін
@МайраЖумабаева-и2м
@МайраЖумабаева-и2м 3 жыл бұрын
Алла Ден саулык берсин апага
@zhadyraahmetova1670
@zhadyraahmetova1670 3 жыл бұрын
Ширкин анам касымда болгандагой, аттен...
@МуратЖалмаханов-ш2ь
@МуратЖалмаханов-ш2ь 3 жыл бұрын
Алламай шынменде ослай жаксы жагдай жасалган болсагой тек коз бояушылык болмац
@СаулеСагындыкова-ф4ь
@СаулеСагындыкова-ф4ь 3 жыл бұрын
Ұлты орыс болса да қазақша сөилеп отыр . Жасыңыз ұзақ болсын əжей . Қарттарымыз аман болсын . Қарттар үиіндегі ата - əжемізді көріп жүрегім ауырады . Қайран ата - апамыз қор болған . Ата - анаға жетер не бар өмірде .
@ГаукарияКусайнова
@ГаукарияКусайнова Жыл бұрын
Адрес пен телефон нөмірін беріңіздерші? Өтініш!!
@ДильнараАбдыкерова-к6и
@ДильнараАбдыкерова-к6и 2 жыл бұрын
Мекен жайын қалай білуге болады
@OTE-KIZIKTY
@OTE-KIZIKTY 3 жыл бұрын
Орысша сойлетин отбасы туби осындай жерден шыгады
@АканайКошерова
@АканайКошерова 3 жыл бұрын
Алла жаратқан Ата Ананы мынандай қылып апарып тастауға ұйалмайма. Қалай жер басып жүреді екен көргенсіздер.
@playservice9772
@playservice9772 2 жыл бұрын
Қайран Қазақ! Қазақ елінде қарттар үйі қай уақытта ашылды?????????. Қай күні Қазақ баласы ана тіліне сатқындық жасап, заманауи атанғысы келіп, әкесін папалатып, анасын мамалатуды бастаған күннен бастап ашылды. Сізді қойып сенге көшті. Бұл өмірде ең жаман әдет екі жүзділік. Көзінің тірісінде әкесін папалатып, анасын мәма деп атап шақырып, өлген күн қазақ екені есіне түсіп әкемай, анамай деп зарлайды. Әкесін папалатып, анасын мамалатуды бастаған күннен елімізде жетімхана көбейді, жаңа туылған шарана-нәрестені қоқысқа лақтыру белең алды. Бұның соңы бала мен бала, қызбен қыз бір-біріне үйленумен жалағасуы мүмкін. Әрине бұның бетін аулақ қылсын. Неге көршілес мұсылман елдерінде тіл проблемасы жоқ. Өйткені әрбір өзбек әкесін Әда-Дәда, анасын Аиы-Апайы деп, әрбір қырғыз әкесін Ата,анасын Ене деп шақырады. Ең сорақысы елдегі мешіттерде пәпа-мұсылман, пәпа-имам, пәпа-қажылардың толып жүргені өкінішті. Онда тұрған не бар деп ақталуды жиыстырғанымыз жөн болса керек. Есіңді болсын Қазақ! Мың жерден ұл қыздарың өзіңді пәпа-мәма деп атап шақырғанмен ешкім сені бірсыпыра киіндіріп табытқа салып жерлемейді. Қайран Қазақ! Еліміздің еңсесі көтеріліп, экономикасы түзеліп, Ән-Ұранымыз шырқалып, Көк туымыз аспан көгінде мәңгілік желбіреуін қаласақ, әрбір Қазақ ұл қыздарыңның аузынан көзінің тірісінде әкесін Әке-Ата, анасын Ана-Апа деп атап айтуын А Л Л А нәсіп етсін!.
@askerbektoishibekov8808
@askerbektoishibekov8808 3 жыл бұрын
Ия Аллах сактасын сол балаларымызға дурыс тәрбие бермегеннен ба бiлмедiм әлде катынынын айтканынан шыгалмайма деп ойлаймын Аллах жаксы бiлушi
@Ардак-ъ4ю
@Ардак-ъ4ю 3 жыл бұрын
Анамды,әкемді бір құшақтауға зармыз ғой
@ruslanaitbaev1475
@ruslanaitbaev1475 3 жыл бұрын
Осындай ата анасын тастап кеткен оңбағандардың алдына келсін мың есе боп .Келіп пенсиясын сұрайды бетсіздер барынан жоғы жақсы ұятсыздар қалай тамақ қтеді қылтамақ болғырларға
@ГульданаСабыргалиева
@ГульданаСабыргалиева 2 жыл бұрын
Әңгіме орысша немесе қазақша сөйлеген де емес . Қазіргі балаларда тәрб ие жоқ тәртіп жоқ . Мектеп те мұғалімді , үйде ата -ананы не тыңдамайды не сыйламайды .
@ЖасуланАмиргалиев-м4у
@ЖасуланАмиргалиев-м4у 3 жыл бұрын
Қараған дыда қарттар уйинде истедим ашып кеткен тамақ нас жерде жатады 😔
@Зәмзәм
@Зәмзәм 3 жыл бұрын
Неге СЭС шақырмадыңыз? Қарттарға обал емес па.
@УлжанБектурова-ч5х
@УлжанБектурова-ч5х 2 жыл бұрын
Сәлеметсіз бе қалыңыз қалай сіз қарттар үйінде жұмыс жасадыңызба мен жұмысқа кіремін құдай қаласа жалпы қалай жұмысы оңайма қиынба
@Назым-ф6х
@Назым-ф6х 3 жыл бұрын
Ана анасы қарттар үйінде жатқанда балалары қалайша жайбарақат өмір сүреді, мен соны түсінбеймін.
@АкжигитЖаксыликов-я8ь
@АкжигитЖаксыликов-я8ь 2 жыл бұрын
Балалардың немесе келіндердің коніліне қарап отырғанша пайдасыз шал боп, қарттар үйінде құрдастарымен шахмат ойынап жүрген артық тау болатын шығар.
@КошербайТасабаев
@КошербайТасабаев 3 жыл бұрын
Менда барам қарттар үиіне балам жоқ
@АлмазБолысбеков-я7й
@АлмазБолысбеков-я7й 3 жыл бұрын
Жасыңыз қаншада
@Неважноневажно-б8к
@Неважноневажно-б8к 3 жыл бұрын
Мен озбекмин карттар уйлер калай балары бул дунеде жасайды
@МайраЖумабаева-и2м
@МайраЖумабаева-и2м 3 жыл бұрын
Катыгез болып барады кайырымсыз жастар казир оздери картаймайтындай болып жур атана не истесен алдына сол келеди дегенди умытып барамыз баримизде
@АсхатАлимжанов-б9ы
@АсхатАлимжанов-б9ы 3 жыл бұрын
😢😔
@НурилаКалауова-в9й
@НурилаКалауова-в9й 3 жыл бұрын
Қарттар үйін ашқан адамның құдай жазасын берсін
@ГулжаханКалмухан
@ГулжаханКалмухан 3 жыл бұрын
Ол Адам ашпаса,онда далада кангырып,Бари олеред. Аш,катып.
@КузОсень
@КузОсень 3 жыл бұрын
Есин дурыс ба?Карттар уйи болмаса кангырып далада калар еди гой.
@НурстафаХезез
@НурстафаХезез 3 жыл бұрын
Нурстафа хазез 20.07.1991. Монголия. 30.жас.гелоис караганда 4.астана.
@АкбаеваУлбала
@АкбаеваУлбала 3 жыл бұрын
Қарттар күніне барлық каналдарды 1 күнін арнап іс шаралар көрсетсе, қарттарды сыйлап, құрметтеу қалыптасар еді...
@ТамараГударова
@ТамараГударова 3 жыл бұрын
Карты бар уйдин казынасы бар деп бекер айтпаган ата бабаларымыз. Урпагымызды мейримди кылып тарбиелеу керек деп ойлаймын.
@MaMa-st4zv
@MaMa-st4zv 3 жыл бұрын
Ондай бала емес балелер деу керек сумириген арамқатқыр Сайхалдардың жетегинде кеткен ешактар деп айталам! Балаң жақсы болса жердиң усти жақсы жаман болса жердиң асты
@СалтанатКамалбекова-ч6у
@СалтанатКамалбекова-ч6у 3 жыл бұрын
Осы орыс апам Маркум шешеме катты уксайды екен. Колыма келем десе барып алып кетер едим. Осы видеоны салган автор Алла разы болсын сизге
@nazerke_goi__musylmanka
@nazerke_goi__musylmanka 3 жыл бұрын
Мен 1
@КуляшАбутова-ю2в
@КуляшАбутова-ю2в 3 жыл бұрын
😪😪😪😪
@dawranjubatqanov3665
@dawranjubatqanov3665 3 жыл бұрын
Analarimiz Aman bolsin Analarga esh narse jetpeydi
@НурилаКалауова-в9й
@НурилаКалауова-в9й 3 жыл бұрын
Қазақта қарттар үйі болмаған өңшең алаяқтарды асырап отыр Орыс Ресейге кетсін Қарттар үйі жабылсын
@bekzatsydykova3567
@bekzatsydykova3567 3 жыл бұрын
Сұмдық ай масқара ғой бұлай сөйлеуге болама екен
@НуртулеуДемеуов
@НуртулеуДемеуов Ай бұрын
Қаттар үйіне қабылдай ма? екен!
The Fastest Way Down 😅
00:18
Red Bull
Рет қаралды 43 МЛН
STUPID FATHER AND WISE MOTHER😢
00:18
JULI_PROETO
Рет қаралды 7 МЛН
Оцените будильник от 1 до 10😂
00:10
ХАБИБ
Рет қаралды 2,3 МЛН
МИ ТУРАЛЫ ШОК АҚПАРАТ😱 МИДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІ
7:47
ЖЫЛДАМ ОҚЫ | ЕСТЕ САҚТА
Рет қаралды 9
Информбюро 12.03.2025 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:23
Информбюро 31
Рет қаралды 23 М.
Алдараспан - Қарттар үйі | 2023
20:12
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 342 М.
Ашығын айтайық. Анасын үйнен куып шыққан бала
1:13:02
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 687 М.
Қарттар үйі - қара шаңырағым / KOREMIZ
48:00
Көреміз Шоу / «KÖREMIZ SHOW»
Рет қаралды 656 М.