СҚО-да алапат өрт: Желяковода 6 бірдей үй қора-қопсысымен бірге түгі қалмай өртеніп кетті (04.05.21)

  Рет қаралды 159

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

3 жыл бұрын

Қазақстанның солтүстігінде алапат өрт болды. Қызылжар ауданы Желяково елдімекенінде 6 бірдей үй қора-қопсысымен бірге түгі қалмай өртеніп кетті. Баспанасыз қалған тұрғындар қазір көршілері мен туыстарын паналап жүр. Өрт не себептен тұтанды? Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі? Толығырақ өңірдегі Almaty.tv тілшісі Диана Есім тарқатады.
Өрт жексенбіде басталып, 6 үйді қора-қопсы малдармен қоса тұтас жалмаған. Владимир Зебольд өрттен зардап шеккендердің бірі. Үйі жанған кезде, ол да көршілері сияқты тәтті ұйқыға батып жатқан.
«Міне, мынау менің үйім. Толығымен жанып кетті. Түгі де қалмады. Өрт басталған кезде мен үйде демалып жатқан едім. Біраз уақыттан соң адамдар келіп, «Не жатырсын, үйің өрттеніп жатыр ғой» деп, мені оятты. Бірден далаға шығып тракторымды басқа жерге көшірдім. Қайтып келсем, үйім өртке оранып жатыр. Ішіне кіруге де мүмкіндік болмады. Анау жерде тұрған әкемнің үйі де толығымен жанып кетті. Қорада 4 шошқа мен тауықтар болған. 20 тауық пен шошқалардың барлығы қорамен бірге жанып кетті», - деді жәбірленуші Владимир Зебольд.
Сағындық Айтеев Желяков ауылына осыдан 40 жыл бұрын көшіп келген. Ол мұнда бұрын-соңды осындай өрт болмаған дейді. Көрші үйдің отқа оранғанын байқаған бойы, жеңін түріп өртті ауыздықтауға кіріскен. Құтқару шараларына бүкіл ауылдың ат салысқанын айтады.
«Үй иесі ол кезде ұйықтап жатқан. Мен оны ояттым, сосын екеуіміз сыртқа қарай бер алдық. Далаға шыққан кезде үй толығымен жанып кетті. Мен техниканы оталдырып, басқа жаққа айдадым. Кейін өрт менің үйіме қарай жайылды. Біз көрші екеуіміз оны сөндіре бастадық. Бірақ өрт үйдің артқы жағында да шыққанын байқамадық. 1 бұзауым, қаздар, иттерім толығымен өрттенді. Өткен жылы бұл жерге жаңа қора салдырған едім, ол да жанып кетті, монша, гараждың да түгі қалмады», - деді жәбірленуші Сағындық Айтеев.
Ауыл азаматтарынан бөлек, қазіргі уақытта облыстық «Қызыл жарты ай» халықаралық ұйымы филиалының өкілдері де өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуде.
«Біз бұл жаңалықты Instagram-нан біліп, бүгін оқиға орнына келдік. Төтенше жағдайлар департаментімен бірге осындай қайырымдылық акциясын өткізіп жатырмыз. Біз жылы киімдер, көрпелер, сондай-ақ филиалдың есебінен біз азық-түлік сатып алдық. Оның ішінде макарон, бұқтырылған ет, жарма, қант, шай және тәттілер бар, өйткені қазір мереке күндері», - деді облыстық «Қызыл жарты ай» халықаралық ұйымы филиалының директоры Сәуле Оразова.
Қарапайым халық болса, әлеуметтік желі арқылы киім-кешек, тұрмыстық заттар мен төсек-орын сияқты қажетті заттар жинауға кірісіп кеткен.
«Instagram желісінде отырып, осындай қайғылы оқиғаны көрдік отбасымызбен. Сосын отбасымызбен бір ауыздан шешім қабылдадық, мұқтаж жандарға көмек көрсетейік деп. Көмек ретінде біз орындық, үстел және де киім-кешектерді әкелдік. Осы Ораза айында мұқтаж жандарға көмектесу ол біздің парызымыз деп ойлаймын», - деді Петропавл қаласының тұрғыны Жансұлу Ешкен.
Мамандардың сөзінше, алдын-ала болжам бойынша алдымен бұл жерде өсіп тұрған шөп өрттенді. Кейін қатты желдің кесірінен тілсіз жау үйлер жаққа жайылып, нәтижесінде 3 тұрғын және 3 тұрғын емес үй өртке оранды.
Үйлерден бөлек шаруашылық құрылыстары да күлге айналды. Қазіргі уақытта баспанасыз қалғандар көршілері мен туыстарының үйін паналауда. Жергілікті билік өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіліп, өтемақы төленетінін айтады.
«Қазіргі уақытта 6 адам зардап шекті. Осы 6 адамға әлеуметтік қорғау басқармасында құжаттарды қалпына келтіреді. Әрбір отбасыға 100 АЕК бөлінеді. Барлығы 3 отбасы зардап шеккен. Шаруашылық құрылыстары да қалпына келтіріледі. Облыстық ресуртстық орталық, жастар ресурстық орталығы, барлық аудандар қосылып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кірісті. Біз зардап шеккендермен бүгін кездесіп, қандай заттар керек екенін сұрадық. Бәрін талқыладық», - деді СҚО Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов.
Қызылжар ауданы Желяково елдімекенінде бұрын-соңды мұндай оқиға болмаған. Қазіргі уақытта ауылда 51 түтін бар, 130-ға жуық адам тұрады.
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер
Иран ударил по израильскому аэропорту
00:14
TRT на русском
Рет қаралды 2,8 МЛН
JAIDARMAN TOP / 1 ТУР / C және D тобы / 2-ойын
1:32:22
Jaidarman OFFICIAL / JCI
Рет қаралды 366 М.
Габаны сындырамыз | Synyptas 3 | 5 серия
21:40
kak budto
Рет қаралды 1,4 МЛН
Good People Restore Faith in Humanity: A Heartwarming Act of Kindness on a Bus #shorts
00:32
“Маған Эдуарда ұнайды”
20:56
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 152 М.
Көлігі су астында қалған қазақстандықтарға мемлекеттен өтемақы төлене ме?
2:23
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 3,2 М.
Информбюро 17.04.2024 Толық шығарылым!
25:40
Информбюро 31
Рет қаралды 94 М.
Алматы-Шамалған-Ұзынағаш жолы жабылады
2:08
Телеканал 24kz
Рет қаралды 17 М.
Ақбұлақта болдыңыз ба?
22:06
HIT TV
Рет қаралды 10 М.
ОРАЛ МАҢЫНДАҒЫ 84 ӨҢІРДІ СУ ШАЮЫ МҮМКІН | ШҰҒЫЛ ШЫҒАРЫЛЫМ!
7:47
Қазақстан Халық партиясы
Рет қаралды 27 М.
Иран ударил по израильскому аэропорту
00:14
TRT на русском
Рет қаралды 2,8 МЛН