Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан 20 отбасы көшіп келді (22.09.21)

  Рет қаралды 5,428

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

Күн бұрын

Ираннан келген қандастар Солтүстік Қазақстанға жайғасты. Оларға «Еңбек» бағдарламасы арқылы жаңа үйлер берілді. Әр отбасы мемлекеттен қайтарымсыз субсидия алады. Егер кәсіп ашамын десе, бастапқы көмек ретінде 500 мың теңге көлемінде грант алу мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан 20 отбасы, 54 этникалық қазақ қоныс аударды. Оның 18-і - бала. 20 отбасы 3 елдімекенге - Есіл ауданы Петровка мен Николаевкаға және Шал ақын ауданындағы Сергеевкаға қоныстандырылды. Петропавлдан 90 шақырым жерде орналасқан Петровка ауылына 4 отбасы көшіп келді.
«Тарихи отанымыз негізінде осы жер ғой. Енді бала-шағамыздың жері ғой. Балаларымыз мектепте иранша оқыды. Иран уиверситетінде де оқыды. Өзгелері саудада болды, біз өзіміз сауданың ішінде жүрдік. Жағдайымыз жаман емес, жақсы. Құдайға шүкір ол жерде да жақсы еді. Бұл жерде да жақсы болады деп ойлаймыз», - дейді қандас Миуа Бәли.
Бәлиевтер әулеті ашаршылық кезінде Иранға қоныс аударған. Ибраһим Бәли баласының болашағы үшін Қазақстанға көшіп келгенін айтады. Мектепте парсы, араб, ағылшын тілдерін меңгерген ол қазақ тілі қанымызда бар дейді.
«Бұл жаққа өзіміздің шыққан тамырымызды тауып, балаларымызға қазақтығымызды сіңірейік деп келдік. Табиғаты жақсы екен, жалпы, бәрі жақсы. Балаларымыз осы елде өссін, үлкен мәртебелерге көтерілсін деген ниетпен келдік. Адам бір қаладан басқа қалаға келсе де сескеніп, қорқып тұрады. Дегенмен, тірлік етіп, бірлігімізді жарастырсақ деген ойымыз бар. ИншАлла солай болсын. Халқымыз аман болсын», - дейді тағы бір қандас Ибраһим Бәли.
Петропавлдан 120 шақырымдағы жердегі Николаевка ауылында «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға 30 үй салынған еді. Енді сол баспаналарға 10 этникалық отбасы қоныстанды. Қандастарға қазақ тілін үйренуге көмек көрсетіледі. Ол үшін апта сайын тегін сабақтар ұйымдастырылмақ.
«Қазір көштің екінші толқыны келді. Тағы да келеді. Бұл жолы Иранда,ы қазақтардың қаймағы келді десе де болады. Мен солай ойлаймын. Интеллегенция келеді. Қазіргі таңда бізге келген бір дәрігер бар. Сосын механизатор, экскалаторщик, дләнекерлеуші, тігінші мамандар келіп жатыр. Мұнда олар өзі ісін ашып, ұлттық киімдер тікпек, кілем тоқитындар да баршылық. Олар істейтін 20 жұмыс орны ашылып жатыр», - деп атап өтті Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының СҚО бөлімінің жетекшісі Арман Сүйіндіков.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-на Ресей мен Өзбекстаннан 40-қа жуық отбасы көшіп келген. Оларға қандас мәртебесі берілді.
Нұргул Алина, «Алматы» телеарнасы, Солтүстік Қазақстан облысынан
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 35
@qojatop3110
@qojatop3110 3 жыл бұрын
Күшті қазағымыз көбисін
@НұрланАблязов
@НұрланАблязов 9 ай бұрын
Құтты болсын
@aminasarbasova1918
@aminasarbasova1918 3 жыл бұрын
Өадамдарың құтты болсын қандас қарындас!!!Өте қуаныштымын ,түбі бір бауырларым,достарың көбейсін!!!
@АлиНурас
@АлиНурас 3 жыл бұрын
Берілген үйлері жылы болса ,акшалай көмек көрсетiлсе жаксы болар еді
@Айдынбек.М
@Айдынбек.М 3 жыл бұрын
Дұрыс ата жұртына келіп, қазақтың іисін шығарсын солтүстік елге.
@nursa1yn904
@nursa1yn904 2 жыл бұрын
Келсін қазағымыз көбейсін! "Байдың затын байғұс қызғанады"- дегендей.... қызғанбау керек, өссін, өнсін көбейсін!
@МаксатСадуов-б2з
@МаксатСадуов-б2з 3 жыл бұрын
Өзіміз жетісіп алайық әуелі
@bolk775
@bolk775 2 жыл бұрын
Каракалпакстан Нан барсак боламакен
@Асеке-о1э
@Асеке-о1э Жыл бұрын
Арине болады
@РусланАкмолда
@РусланАкмолда 3 жыл бұрын
Курметти Казактарым ауылдардын аттарын озгерту керек Каидагы Сергейевка Николайовка Казакшага озгертиндерши Кабанбай Бокенбай деген батырларымыздын аттарын коиын осы жеримизди жауга бермеген осы жер ушин урпагы ушин шеит болгандар
@Досик-ж9я
@Досик-ж9я 2 жыл бұрын
ИРАН ЖЕРІНЕ ЖЕТІСКЕННЕН КӨШТІ ДЕЙСІҢБА?? ГОЛОЩЕКИН,СТАЛИННЫҢ ТЕРІС САЯСАТЫНАН ҚАЗАҒЫМ КӨШҮГЕ ТУРА КЕЛДІ. ҚОНЫСЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН...БАУЫРЛАР..
@aleke085
@aleke085 3 жыл бұрын
Дұрыс, оңтүстікке топырлатпай сол облыстарға қоныстандыру керек
@aminasarbasova1918
@aminasarbasova1918 3 жыл бұрын
Топырлатпай -не деген сөз,қой емес қой,дұрыс сөйлейікші!
@СерікбайЖайлаубаев
@СерікбайЖайлаубаев Жыл бұрын
Петроака Сергейвка дегенды Кашан коясындар
@ОмарбаевЕрлан
@ОмарбаевЕрлан 3 жыл бұрын
Казак тилин умытпаганына мын алгыс
@ЗеинАмантаева
@ЗеинАмантаева 3 жыл бұрын
Жалгыз тылмен алыска бармаймыз колдан ештене келмесе , мый керек, талант Пен онерлык керек.
@aminasarbasova1918
@aminasarbasova1918 3 жыл бұрын
Иә ,бұл бір қуанышты жағдай болды!
@БахаБах-ч6ш
@БахаБах-ч6ш 3 жыл бұрын
Казакты кобейту керек оте дурыс
@ТалгатРамазанов-д1ь
@ТалгатРамазанов-д1ь 3 жыл бұрын
Неправильная переселение дома с печным отоплением и безработица
@НурболКонысбеков-ы9о
@НурболКонысбеков-ы9о Жыл бұрын
Қазақ көбейсін аумин
@ЗеинАмантаева
@ЗеинАмантаева 3 жыл бұрын
Оз талай мыйлы талапты жастарымызды устамай - шеттен неге турлы , карангы ( былмеймыз немен айналыскан баска жерде) жинап жатыр укымет.Неге осылай, кымге бул керек, не бералат - тек алу и козыне карап айтканын ыстеу.
@ИрандағықазақтарИрандағықазақт
@ИрандағықазақтарИрандағықазақт 3 жыл бұрын
Олардың білімсіз екенін қайдан білесіз? Сіздің білім деңгейіңіз қазақша жазуыңыдан көрініп тұр. Мен де бір Иран қазағымын.
@Нұрасыл-ъ2з
@Нұрасыл-ъ2з 3 жыл бұрын
Бұл бағдарлама бәріне ортақ, солтүстікке көшкіңіз келсе өтініш беріңіз, босқа қандастарды айыптамай, олар да біздің бауырларымыз
@Kadirbaeva-b9u
@Kadirbaeva-b9u 3 жыл бұрын
Іштарлықты қою керек қой
@ЗеинАмантаева
@ЗеинАмантаева 3 жыл бұрын
@@Kadirbaeva-b9u Бул ыштарлык емес- бул улкен проблема нагыз талантты жастарды курметтемей шетелге айдап андан- мындан ештенеге жетамаган дарды жинап,канша бюджеттен акша шыгарып.Тек коррупционеге жагады, ал мемлекетке пайда болса...
@Kadirbaeva-b9u
@Kadirbaeva-b9u 3 жыл бұрын
@@ЗеинАмантаева өзге ұлттарды да кезінде қабылдады. Соңы не болды. Жергілікті қазақтар 2ші сорт болып қалды
HUMAN GLUE TRAP
00:51
Stokes Twins
Рет қаралды 66 МЛН
Fake Oreo Soap Prank 🧼 @karina-kola
00:19
Andrey Grechka
Рет қаралды 29 МЛН
Can Anyone SOLVE This PUZZLE in 1 Hour?
00:15
LOL Gamer
Рет қаралды 75 МЛН
Ауғанстаннан келген қандастар қалай тұрып жатыр?
2:58
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 128 М.
Солтүстікке көшкендер хикаясы
19:49
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 36 М.
Оңтүстіктен солтүстікке. Бұл көш неге баяу?
7:21
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 3,3 М.
Елдің оңтүстігінен солтүстігіне көшкендердің түйткілдері қандай?
5:51
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 8 М.
HUMAN GLUE TRAP
00:51
Stokes Twins
Рет қаралды 66 МЛН