Тамағына зат тұрып қалған: Алматы облысында балабақшада 4 жасар қыз көз жұмды

  Рет қаралды 15,600

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Алматы облысында жекеменшік балабақшаның бірінде 4 жасар қыз белгісіз затқа қақалып көз жұмды. Қазіргі таңда облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, бүлдіршін түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бауыр еті - баласынан айырылған ана, кішкентайынан көз жазып қалған әке. Жалпы, бір әулет бүгінде қан жұтып отыр. Сондықтан журналистердің сұрағына жауап бермей, сұхбат беруден бас тартты. Алайда біз отбасы мүшелерімен телефон арқылы тілдестік.
«Заң бар ғой. Заң бойынша жұмыс істеліп жатыр. Бізге олардан ештеңе керек емес, ештеңе алмаймыз да, ештеңе керек жоқ», - дейді марқұм болған сәбидің туыстары.
Талғар қаласындағы жекеменшік балабақша қызметкерлерінің сөзінше, 4 жасар қыз түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған. Жергілікті әкімдіктің мәліметі бойынша, баланың тамағына белгісіз зат тұрып қалып көз жұмды. Бүгінде жекеменшік бөбекжай қызметкерлері де қайғыдан қан жұтып, өздерін қоярға жер таппай отыр.
«Баланың қайғысына ата-анасымен бірге қайғырып отырмын. Таңнан кешке дейін көз алдымда жүрген баладан айырылып отырмын. Сұрақтарыңызға басқа жауап бере алмаймын», - деді жекеменшік балабақша директоры Ақмарал Әуесбекова.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл жекеменшік балабақша 2015 жылы ашылған. Ал көз жұмған 4 жасар қыз 2020 жылдың желтоқсан айында қабылданған. Марқұм болған қыз тәрбиеленген топта одан бөлек тағы 24 бүлдіршін бар. Енді олардың ата-аналары осы оқиғадан кейін балаларына алаңдаулы.
«Он ойланып, бір шешімге келгенім жоқ. Бір жағынан, балабақша қыздарымды қарап беріп отыр, оның үстіне, бұған дейін ешқандай шағым болмаған. Енді мынандай орны толмас қайғының болғаны жүрегімізді ауыртты», - дейді ата-ана Алтынайым Тұрдалиева.
Бүгінге дейін әлеуметтік желіде 4 жасар қыз моншақ жұтып көз жұмды деген мәлімет тараған болатын. Алайда тексеру жұмыстарының нәтижесінде, баланың тамағына пластмасса зат тұрып қалғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.
«Сот медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасса зат табылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы қатаң бақылауда», - деді облыстық ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов.
Ал облыстық білім басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Себебі жекеменшік балабақшаларға жауапты емеспіз дейді. Ал кенже қызын жер қойнына тапсырған ата-ана баласының киім-кешегін иіскеп қалды.
Оразай Нұртай, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
Instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 28
@user-wy4gx8sw1p
@user-wy4gx8sw1p 2 жыл бұрын
Алла сабыр берсін ата анасына жақындарына
@Medinok07
@Medinok07 2 жыл бұрын
Алла жар болсын Анасына
@user-ye7df1jn5q
@user-ye7df1jn5q 2 жыл бұрын
Жаман айтпай жақсы жоқ Ас дайындайтындар да шашты көрсетпей заколка резинкаларын көрсетпей шашты орамалдың ішіне жинап сырға сақина дегендерді шешіп жүрсе
@ademademodin1861
@ademademodin1861 2 жыл бұрын
Баланы Каи балбакшага берсенде Бир АЛЛА сактасын
@user-ym4ix6fu6q
@user-ym4ix6fu6q 2 жыл бұрын
ТƏРБИЕШІГЕДЕ АТА АНАҒА ДА КИЫН БОЛҒАН ЕКЕН АЛЛАМ САБЫР БЕРСІН
@user-ny5ts9mo5m
@user-ny5ts9mo5m 2 жыл бұрын
Калайша байкамаган сонда ол кыз тамак жемеген болып тургои .Тамагына турып калган затты аиталмаган 😭😭😭😢😢😢😢😢😢
@user-xx1zx3ez7e
@user-xx1zx3ez7e 2 жыл бұрын
Қақалып қалған баланы қалай ұйықтатып қойды масқара балаларға дұрыс қарамай тұр ғой
@tcmcentre5628
@tcmcentre5628 2 жыл бұрын
Ондай жағдай бола қалғанда бір затқа қалса дереу басын төмен салбыратып арқасынан қағып жіберсе түсіп қалады
@user-lj7qq5pc5f
@user-lj7qq5pc5f 2 жыл бұрын
Дурысыз айтасыз
@user-zq8mj5fb8y
@user-zq8mj5fb8y 2 жыл бұрын
балалардықабылдағанда тексеріп алу керек тəрбиешілер айырым балалар үйлерінен ұсақ ойыншық алып келеді
@user-yw7xx8ww9n
@user-yw7xx8ww9n 2 жыл бұрын
Частный садик болса, неге бір топта 25 бала болған? Таңнан кешке дейін 1 тәибиеші 25 баламен асылып қалмай қалай жүр? Масқара ғой.. Әлде Гос-тағы сияқты 2 тәрбиеш кезекпен жұмыс жасайды ма екен? Қазір няня дегендер де болмайтын сияқты ғой...
@user-yw7xx8ww9n
@user-yw7xx8ww9n 2 жыл бұрын
Жазым ғой...
@user-ng2it3dj3b
@user-ng2it3dj3b 2 жыл бұрын
Ішінде бірнеше жұмыс жасап журген әйелдер бар кыздар бар сонда кадағалап отыруга боладыго. Туалеткеде сиіп тышуга жібермейді дейді 4 енді толатын кызым. Барғысы келмей калды осы себептермен. Ұрыды деген соң. Ұрып соға берсе бала барғысыда келмейді. Сол үшін шыгарып алдым мен.
@user-yw7xx8ww9n
@user-yw7xx8ww9n 2 жыл бұрын
Әжетханаға жібермеуіне себеп болған шығар. Өтіріктен сұранып кететін балалар көп қой.
@user-ut8gc1ff6p
@user-ut8gc1ff6p 2 жыл бұрын
солго какалып турган баланы неге карамаган
@user-rt1ju1iq9j
@user-rt1ju1iq9j 2 жыл бұрын
Байкамагангой карайдыгой 25 баланы оларгада онай емес казирги заманда кемпир шалдарда немерелерин садикке апарып тастайдыгой баягыды ондай емес еди Аллам сабыр берсин Ата анасына жазымгой
@user-ym4ix6fu6q
@user-ym4ix6fu6q 2 жыл бұрын
ТƏРБИЕШІЛЕР КАРАЙДЫ ДЕП БАЛА БАКШАҒА АПАРАМЫЗ ЕНДІ КАЛАЙ СОНДА СƏБИ ДІ ОЙНАП ЖУРГЕН ДЕ КАРАМАЙМА😢😢 КАЛАЙ СЕНУГЕ БОЛАДЫ
@user-rt1ju1iq9j
@user-rt1ju1iq9j 2 жыл бұрын
Апармандар уйлеринде карандар тарбиешилергеде онай емес 25 балага караган миы Су болады бириншиден
@user-ym4ix6fu6q
@user-ym4ix6fu6q 2 жыл бұрын
ДОНИ СІЗ МЕНІ ТУСІНБЕДІҢІЗ ТƏРБИЕШІНІ ДЕ ТУСІНЕМІЗ МЕН ПЕНСИОНЕРМІН УЖЕ НЕМЕРЕМ БАРАДЫ БАЛА БАКШАҒА БІРАК УКІМЕТТІҢ БАЛА БАКШАСЫ ШУКІР ЖАМАН ЕМЕС БІРАК АЛЛА САКТАСЫН УЙДЕДЕ БАЛА АУЗЫНА БІРДЕНЕ САЛЫП КОЮ МУМКІН😢
@user-yw7xx8ww9n
@user-yw7xx8ww9n 2 жыл бұрын
@@user-ym4ix6fu6q Үкіметтің бала-бақшаларында да мұндай жағдайлар болады. Жазым ғой бұл. Неге бірден тәрбиешіден көреді екен...
@user-ym4ix6fu6q
@user-ym4ix6fu6q 2 жыл бұрын
😢
@user-gz7lg9pl3s
@user-gz7lg9pl3s 2 жыл бұрын
Тəрбиешілер не қарап жүр балаларды қарамай жұмысығо?Ұрудан басқа дым білмиді кəзіргі тəрбишілер.Соттасын Ата-Анасынан кешірім сұрап.
@user-rt1ju1iq9j
@user-rt1ju1iq9j 2 жыл бұрын
Тарбиешилергеде онай емес 25 бала караган ата анасына сабыр берсин биреудин баласын Ким олимге кияды 4 баламызды жабылып жатып осирдиккой
@user-ck6ho2xn7v
@user-ck6ho2xn7v 2 жыл бұрын
Эльмира ХАНЫМ бес саусак бырди емес..Арине оте ауыр жагдай..Бала бауыр етымызгой .
@user-fk4rj6ru1g
@user-fk4rj6ru1g 2 жыл бұрын
Тәрбиешіні по полной программе сотталсын !!!Баланы дурыстап қарамайды !!!
@user-ky5kw9zo7q
@user-ky5kw9zo7q 2 жыл бұрын
Да легко судить.Иногда дома за одним не уследишь?Судить легко.
@user-gj4lr4tr8h
@user-gj4lr4tr8h 2 жыл бұрын
Ойбай .зиян.тигизип.отыр.бала.олимин.тугызган. Дедсад.ат.и.болды. МЗ
@user-if4ec1um2t
@user-if4ec1um2t 2 жыл бұрын
Сумдық!
''Әке болғым келеді!''
21:52
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 133 М.
Алматы әкімінің жүрегі ауырып жүр екен...
2:09
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 1 М.
ISSEI funny story 😂😂😂Strange World 🌏 Green
00:27
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 79 МЛН
ВИРУСНЫЕ ВИДЕО / Виноградинка 😅
00:34
Светлый Voiceover
Рет қаралды 7 МЛН
MINHA IRMÃ MALVADA CONTRA O GADGET DE TREM DE DOMINÓ 😡 #ferramenta
00:40
Той құтты болсын!!! Хамрақұл мен Диана!
3:06:04
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 400 М.
АЛМАТЫДАҒЫ ЗЕРДЕЛІ ЫҚШАМАУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ҮЙ ҚИСАЙДЫ
2:50
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 2,1 М.
Жер сілкінісінен кейін: Алматыда пәтер арзандап, жер үй қымбаттай ма?
3:32
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 18 М.
Уральские Пельмени - Семейка
1:12:29
Терапия юмором↺
Рет қаралды 386 М.
Алматы Орта Азиядағы жер сілкінісі жағынан ең қауіпті аймақ  сейсмолог
3:26
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 2,5 М.
АЛМАТЫ ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ОРАЛА БАСТАДЫ
4:03
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 5 М.
Алматыда жойқын жер сілкінісі болса, ғимараттардың үштін бірі төтеп бере алмайды
3:16