Тарихи әділеттілік: Рейхстагқа тігілген жеңіс туының көшірмесі елге жеткізілді (05.05.21)

  Рет қаралды 857

Телеканал Алматы / Almaty TV

Телеканал Алматы / Almaty TV

2 жыл бұрын

Бүгін Рейхстагқа тігілген жеңіс туының көшірмесі елге оралған күн. Осыдан 76 жыл бұрын Берлин түбіндегі шайқаста ер жүрек жауынгерлер Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов жеңіс туын жау төбесінде желбіретті. Бірақ күні бүгінге дейін бұл ерліктің еленбегені белгілі. Тек биыл Ресей тарапы фашистер ордасына қазақ батырының бірінші ту тіккенін мойындап, осылайша тарихи әділеттілік орнады, деп хабарлайды Almaty.tv.
1945 жылы Берлин түбінде фашистік басқыншыларға қарсы ақтық шайқаста Рахымжан Қошқарбаев бастаған взвод 200-ге жуық жауды жер жастандырды. Дәл сол жылдың 30 сәуірде лейтенант Рахымжан Қошқарбаев қасына қатардағы жауынгер Григорий Булатовты ертіп Берлиннің бас ғимаратына қарай беттейді. Бұршақтай жауған оққа қарамастан қайсар жаунгерлер Рейхстагқа бірінші жетіп, фашистер ордасының ғимаратына жеңіс туын желбіреткен. Алайда соғыстан кейін бұл оқиғаның тарихта бұрмаланып кеткені ешкімге жасырын емес.
«Әкем соғыстағы ерлігін елге айтып мақтанып отырмайтын. «Мен батырмын» деп кеуде қақпайтын. Бізді де солай тәрбиеледі. Әрине, 9 мамыр Жеңіс күні тойланған сайын іштей реніш болатын. Бірақ үнемі «Ақиқатты қағаз түрінде құртып жіберсе де, болашақта шындық ашылар, бірақ тірі кезімде көрмеспін» дейтін», - деді Р. Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева.
Рахымжан бастаған шабуылшы взводтың әр жауынгері көрсеткен ерлігі үшін «Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденін омырауына тақты. Ал, лейтенант Қошқарбаев Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылса да, Қызыл Жұлдызбен ғана марапатталды. Тіпті, Кеңес Одағы тұсында Жеңіс туын бірінші болып қазақтың тігуі бос әңгіме деп есептеліп, бұл ерлік өзгенің еншісінде кетті. Тек осы жылы ғана Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі Рахымжан Қошқарбаевтың қайталанбас ерлігін ресми түрде растады.
«Осыдан бірнеше күн бұрын Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі Ұлы Отан соғысында жеңістің туын рейхстагқа тіккен қазақ Рахымжан Қошқарбаев және татар Григорий Булатов екенін мойындады. Ресейдің әскери-тарихи институтының ғалымдары дәлелдеп: «Бұл болмайды. Шын мәнінде жеңіс туын тіккен қазақ пен татар азаматы туды бірінші тіккен» деген сөзді айтты», - деді тарихшы Сайын Борбасов.
Рахымжан Қошқарбаев 1924 жылы қазанның 19 жұлдызында Ақмола облысына қарасты Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген. 1937 жылы әкесі Қошқарбай Мусин жалған жаламен «халық жауы» атанып, 13 жасар Рахымжан жетім өсті. Балалық шақпен ерте қоштасқан батыр 16 жасында өз еркімен қызыл әскер қатарына сұранады. Алайда 17 жасында ғана сапқа тұрып, 1944 жылы әскери училищені тәмамдаған бойы, Бірінші Белорус майданына аттанады.Талай ұрыста ерлігімен көзге түсіп, майдан даласының аңызына айналды. Ұлы Отан соғысында әр жауынгер медаль үшін емес, болашақ үшін жан аямай күресті. Олардың ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.
Оразай Нұртай, Медет Саматұлы, «Алматы» арнасы
Наш сайт - www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал KZbin - / almatyus
2 канал KZbin - / almatytvnews
Facebook RUS - / almaty.tv
Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
Twitter - / almaty_tv
instagram - / almaty.tv

Пікірлер: 2
@user-fq5gc5gj8z
@user-fq5gc5gj8z 2 жыл бұрын
Сондада орысша соилниди немереси
@user-lb3jc3hq4q
@user-lb3jc3hq4q 2 жыл бұрын
Менің әкемнің інісі сол соғыста Украина үшін болған майданда құрбан болды. Әкем Смоленск үшін болған шайқаста алған жарақатынан жарамсыз болып елге келді. Соғыс жылдар және одан кейінде колхозда механик болып жұмыс жасады. Сол жарақаттан 61 жасында қайтыс болды. Анам жағынан майданға бірдей бес нағашы ағаларым қатысты. Оларды үшеуі майдан даласында қалды, ал екеуі Берлинге дейін жетіп Рейхстагтың дуалына аттарын жазып қайтты. Жеңіс күнін ұмытпау керек. Бірақ, мен осылай суреттерді арқалап, көше кезіп жүргенді орынсыз санаймын. Мен құрбан болған туыстарымыды тек 9 майда емес, күнделікті өмірде еске алып, әруақтарына дұға бағыштап отырамын.
How much chalk do you think this took? #happykelli
00:12
Happy Kelli
Рет қаралды 43 МЛН
Sangat Memuaskan 😻 ASMR Dudukan Toilet dengan Popit!
00:30
Cool Tool Shorts Indonesia
Рет қаралды 15 МЛН
YOU WILL GET 100 STARR DROPS! #100StarrDrops
01:43
Brawl Stars
Рет қаралды 21 МЛН
Dogs and people become brothers~ #funny pets #funny dog #funnyvideo #shorts
00:10
Бүгін қаһарман қазақ Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен тарихи күн
3:56
Қазақстан жаңалықтары | 28.03.2024
9:55
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 2,6 М.
Why UK Universities are Going Bankrupt
9:09
TLDR News
Рет қаралды 199 М.
How much chalk do you think this took? #happykelli
00:12
Happy Kelli
Рет қаралды 43 МЛН