Рет қаралды 143
21 ғасыр - креативті интеллектуалдық экономика уақыты. Яғни, қай жерде не өндіріліп жатқаны емес, оны кім ойлап тауып, жүзеге асырып жатқаны маңызды. Экономиканың нағыз инновацияланған салаларының бірі - жеңіл өнеркәсіп деп айта аламыз. Креативсіз елден ерекшеленіп, бәсекелестерін шаң қаптырып, алға суырылып шығу мүмкін емес. Бизнестің бұл түрі үлкен табыс әкеледі деу әрине қиын. Оның дамуына импортқа барынша тәуелділік кері әсерін тигізіп отыр. Бүгінде жеңіл өнеркәсіпті күйреуік салалардың қатарына жатқыза аламыз, өйткені импорт үлесі 50 пайыздан да жоғары. Бірқатар мәлімет бойынша қазақстандық жеңіл өнеркәсіп сатылымдағы өнімдердің бар болғаны 14 пайызын ғана шығарады, қалған 86 пайызы шетелден әкелінеді